Сайлау учаскелерін құру туралы

Сайлау учаскелерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабына сәйкес Байзақ ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байзақ ауданының аумағында қосымшаға сәйкес сайлау учаскелері құрылсын.
2. Байзақ ауданы әкімінің 2014 жылғы 19 ақпандағы «Сайлау учаскелерін құру туралы» № 5 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2135 болып тіркелген, 2014 жылдың 9 сәуірдегі аудандық «Ауыл жаңалығы - Сельская новь» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Мұратұлы Ақбаевқа жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашкы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сайлау учаскелерін құру туралы
Дата публикации
01 июля 2021