Қазіргі уақытта ЖЗШ-ның жай-күйі туралы ақпараттандырудың ең танымал тәсілі – электрондық тәсіл. 2021 жылдың 1 ақпанына оны 6,7 млн астам ЖЗШ иелері таңдады. Бұл ретте 5 876 269 шоттың жай-күйі туралы салымшылар мен алушылар enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе ENPF мобильді қосымшасында біле алады. Осындай хабарлау тәсілін таңдағандар саны бір жыл ішінде 248 531 адамға көбейді.