Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 2021 жылдың 17 наурызында онлайн форматтағы «Ашық есік күнін» өткізеді. Осы іс-шараға кез келген адам арнайы онлайн-платформаның көмегімен үйден шықпай-ақ қатыса алады.