«Байзақ ауданы Әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Байзақ ауданы Әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудан әкімі және әкімдігінің қызметін ақпараттық - талдау тұрғысынан, ұйымдастыру - құқықтық және материалдық - техникалық салаларында басшылықты және бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.