2026 жылғы 13 қыркүйекте өткен Жамбыл облысы Байзақ ауданы Мырзатай және Суханбаев ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2026 жылғы 13 қыркүйегінде Жамбыл облысы Байзақ ауданы Мырзатай және Суханбаев ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Мырзатай ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 2129 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1470 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 32 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Мырзатай ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Акжигитов Медет Жамбылович үшін сайлаушылардың - 180 дауысы берілді,

Ауганбаев Асылбек Бахытбекоич үшін сайлаушылардың - 158 дауысы берілді,

Оспаналиев Асхат Тлеубердиевич үшін сайлаушылардың - 994 дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 119.

Сайлау қорытындыларымен: Мырзатай ауылдық округінің әкімі болып Оспаналиев Асхат тлеубердиевич сайланды. 1968 жылы туған, Мырзатай  ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы Байзақ ауданы Мырзатай ауылының тұрғыны.

Суханбаев ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 1326 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 876 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 12 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Суханбаев ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Асханбекұлы Асылбек үшін сайлаушылардың - 61 дауысы берілді,

Мадибаев Абдулмурат Абдулмаксутович үшін сайлаушылардың - 675 дауысы берілді,

Смайлов Аблай Жакелович үшін сайлаушылардың - 70 дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 57.

Сайлау қорытындыларымен: Суханбаев ауылдық округінің әкімі болып Мадибаев Абдулмурат Абдулмаксутович. 1989 жылы туған, Суханбаев ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы Байзақ ауданы Жақаш ауылының тұрғыны.

 

Бйзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
14 сентября 2026