Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 5 тамыздағы №10 қаулысымен бекітілген, 2026 жылғы 13 қыркүйекке тағайындалған Байзақ ауданының Мырзатай және Суханбай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарының 5-тармағына сәйкес, Мырзатай және Суханбай ауылдық округтеріндегі сайлау учаскелерінің орналасқан жері мен шекаралары туралы хабарлайды.
№124 сайлау учаскесі:
Орналасқан жері: Дихан - 2 ауылы, 9 май көшесі №46, Дихан тірек мектебі.
Шекаралары: Дихан-2 ауылы.
№142 сайлау учаскесі:
Орналасқан жері: Мырзатай ауылы, Әмірқұлұлы Жамансары көшесі №6, Мырзатай орта мектебі.
Шекаралары: Мырзатай, Сеңкібай ауылдары.
№133 сайлау учаскесі:
Орналасқан жері: Жақаш ауылы, Шеке Әйтімбетов көшесі №44, А.Суханбаев атындағы орта мектебі.
Шекаралары: Жақаш, Қарасу, Көкөзек ауылдары.