Байзақ ауданы Мырзатай және Суханбаев ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1 бабының
1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 13 қыркүйегіне Байзақ ауданы Мырзатай және Суханбаев ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын;
  2. 2026 жылғы 13 қыркүйегіне тағайындалған Мырзатай және Суханбаев ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін;
  3. Осы қаулы Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Ауыл жаңалығы» газетінде жариялансын.

 

 

         Комиссия төрағасы                                                           Б. Кошербаев

 

 

         Комиссия хатшысы                                                          А. Қосуақ

 

 

 

 

Сарыкемер ауылы

05.08.2026 жыл.

№10

 

Дата публикации
05 августа 2026