Байзақ ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Байзақ ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» Байзақ ауданы әкімінің 2025 жылғы 27 маусымдағы №1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №213326 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы шешімнің №1 қосымшасына сәйкес № 139, № 468 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын;
жаңадан ашылған № 529 сайлау учаскесі осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес толықтырылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.