Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы «12» шілдеге тағайындалған Байзақ ауданы Үлгілі ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттың кандидатурасын алып тастау туралы хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-6-бабының 1-тармағына сәйкес Байзақ ауданы Үлгілі ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттың 2026 жылғы 26 маусымындағы өз кандидатурасын алып тастау туралы берген жазбаша өтініші негізінде Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесі кандидатты тіркеу туралы шешімінің күшін жойды:

 

Байзақ ауданы Үлгілі ауылдық округі әкімі сайлауына тіркелген кандидат – Серикбаев Тимур Куралбекович, 1986 жылы туған, Байзақ ауданы бойынша «Мансаптық орталық филиалы» КММ-нің Оқыту секторының кәсіптік даярлау жөніндегі маманы, Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының тұрғыны,

өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.

 

Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Үлгілі ауылдық округі әкімдігіне тіркелген кандидаттың кандидатурасын алып тастау туралы 2026 жылғы 26 маусымдағы хаттамасы облыстық сайлау комиссиясына жолданды.

 

 

Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
26 июня 2026