2026 жылғы 12 шілдеге тағайындалған Байзақ ауданы Үлгілі ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

1. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін (бұдан әрі - әкімдерді) сайлауды тағайындау

 

Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

3 маусым 2026 жыл

 (113-1-б.)

 

2. Сайлау округтерін құру және сайлау округтерінің  тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында және Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялау

 

Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2026 жылғы 13 маусымнан кешіктірмей

 (22-б.)

 

3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында және Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялау

 

Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей-2026 жылғы 13 маусымнан кешіктірмей

 (13-б. 4-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында және Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялау

 

Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2026 жылғы 18 маусымнан кешіктірмей  

(17-б. 2-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында және Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялау

 

Байзақ ауданының әкімі

  сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

  2026 жылғы 18 маусымнан кешіктірмей 

(23-б. 5-т.)

Дата публикации
03 июня 2026