2026 жылғы 28 сәуірде БЖЗҚ дәстүрлі түрде "Ашық есік күні" онлайн-кездесуін өткізді. Оның аясында қатысушыларға invest.enpf.kz жаңа инвестициялық порталы ұсынылды. Іс-шара барысында Қор мамандары жаңа порталдың салымшылар үшін жасалған таптырмас мүмкіндіктері туралы баяндап берді. Қатысушыларға зейнетақы қаражатының бір бөлігін жеке инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына беру арқылы өз жинақтарының кірістілігіне дербес ықпал етуге құқылы екендіктерін ескертті: міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтардың 50%-на дейін және ерікті зейнетақы жарналарының 100%-на дейін аударуға болады.
Кездесу аясында қатысушылар платформаның функционалдығымен, зейнетақы активтерін инвестициялау қағидаттарымен, инвестициялық көрсеткіштерді талдау тәсілдерімен, сенімгерлік басқарушыны таңдау өлшемдерімен және т.б. танысты.