Әлеуметтік желілерде және онлайн-хабарландыру платформаларында ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ТЖШ) асатын зейнетақы жинақтарын кез келген азаматқа алып беруге делдалдық қызмет көрсетеміз деген ұсыныстар әлі де кеңінен таралуда. Мұндай қызметтер үшін алаяқтар алдын ала төлем жасауды талап етеді, оны олар көрсетілген қызметтің ақысы ретінде негізсіз сұрайды.
БЖЗҚ тағы да ескертеді: біржолғы зейнетақы төлемдері делдалсыз және комиссиясыз жүргізіледі.
Күмәнді схемаларға қатысуға келісу арқылы сіз тек қаражатыңыздан айырылып қана қоймайсыз, сонымен қатар жеке деректеріңіздің қауіпсіздігіне де қатер төндіресіз. Мұндай мәліметтер кейіннен өзге де алаяқтық әрекеттерде пайдаланылуы мүмкін.