Байзақ ауданының әкімі О.Баққараевтың аудан тұрғындарымен 2026 жылғы кездесулерінде берілген тапсырмаларының орындалуы туралы АҚПАРАТ

Р/с

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1.

Көптерек ауылындағы (Кеңес елдімекені) электр желілерін ауыстыру жолдарын қарастыру

2028 жыл

ІІ тоқсан

Аудан әкімінің орынбасары (Қ.Бүркітәлиев),

аудандық электр жүйелерін тарату мекемесінің басшысы (А.Жәмішжанов-келісімі бойынша) Көптерек ауылының әкімі С.Күсемісов

Жамбыл электр жүйесінің жоспарына сәйкес, Ұлттық жоба аясында 2028 жылы Көптерек ауылының электр желілері ауыстырылатын болады

2.

Кеңес ауылына кіре беріс 6 шақырым жолды ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жолдарын қарастыру

2028 жыл

ІІІ тоқсан

Аудан әкімінің орынбасары (Қ.Бүркітәлиев), аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы (Д.Мадешев), Көптерек ауылының әкімі (С.Күсемісов)

Аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу мақсатында аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім жолданды. Қаражат қолдау тапқан жағдайда, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары жүргізілетін болады

Дата публикации
28 апреля 2026