Аудан әкімінің халықпен кездесу барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулер бойынша берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар АҚПАРАТ

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1

Ботамойнақ ауылдық округі аумағындағы шаруа қожалық иелеріне ағын суды лимиттен артық пайдаланған жағдайда қосымша төлемдер жасалатыны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізлсін

2026 жыл

ІІ тоқсан

Аудан әкімінің орынбасары (С.Қабылбеков), аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы (Ә.Қуанышев), Ботамойнақ ауылдық округінің әкімі (Ғ.Абаханов)

Шаруа қожалық жетекшілеріне ағын суды үнемдеп, аз су талап ететін ауыл шаруашылығы дақылдарын егу және белгіленген лимиттен артық пайдаланбау бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде

2

Байзақ ауылындағы балалар мен жасөспірімдер орталығын бұрынғы медициналық пункт ғимаратына көшіру мүмкіндігін қарастыру

2027 жыл

ІІ тоқсан

Аудан әкімінің орынбасары (Р.Қасымов), Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Байзақ аудандық білім бөлімінің басшысы (Қ.Өскембекова – келісімі бойынша), Ботамойнақ ауылдық округінің әкімі (Ғ.Абаханов)

Ескі медициналық ғимаратты аудандық білім бөліміне беру туралы келісім берілді. Қазіргі уақытта ғимаратты аудандық білім бөлімінің теңгеріміне өткізу үшін тиісті құжаттар рәсімделуде.

Дата публикации
28 апреля 2026