Аудан әкімінің халықпен кездесу барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулер бойынша берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар БЕКІТІЛІСІ

Р/с

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1

Суханбаев ауылдық округінің шаруалары пайдаланатын су арналарын (арықтарды) қамыстардан тазарту үшін «ҚазСуШар» РМК Жамбыл филиалының «Байзақ өндірістік бөлімшесіндегі арнайы техникалар кезектілігіне қарай ұсынылсын (шаруалар жанар-жағармайларын ұйымдастыру арқылы)

2026 жыл

ІI тоқсан

Аудан әкімінің орынбасары (С.Қабылбеков), аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы (Ә.Қуанышев), Суханбаев ауылдық округінің әкімі (А.Мадибаев-жинақтаушы), «ҚазСуШар» РМК Жамбыл филиалының «Байзақ өндірістік бөлімшесі» (Қ.Жүзбаев-келісімі бойынша),

«ҚазСуШар» РМК Жамбыл филиалы Байзақ өндірістік бөлімшесінің арнайы техникасы 2026 жылы 8 сәуірде каналға жеткізілді. Алайда егіс алқаптарына дәндік дақылдар (арпа, бидай) егілуіне байланысты шаруа қожалық басшылары арықтарды тазалау жұмыстарына қатысудан бас тартты

2

Жақаш және Көкөзек ауылдарының ауыз су имаратынан бөлек құдық (артизан) қазуға зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізу

2026 жыл

ІІI тоқсан

Аудан әкімінің орынбасары (Қ.Бүркітәлиев), аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі (Д.Мадешев-жинақтаушы), Суханбаев ауылдық округінің әкімі (А.Мадибаев)

Қосымша ұңғыма қазу мақсатында қажетті жер телімдері зерделенуде. Алдағы уақытта аудандық бюджетке тиісті бюджеттік өтінім ұсынылатын болады.

 

Дата публикации
28 апреля 2026