Байзақ ауданының әкімі О.Баққараевтың аудан тұрғындарымен 2026 жылғы кездесулерінде берілген тапсырмаларының орындалуы туралы АҚПАРАТ

Р/с

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1.

Түймекент ауылдық округі, «Ақжар» - «Ауыл береке» базары бағытына автобус қоюды қарастыру

2026 жыл

ІV тоқсан

Аудан әкімінің орынбасары (Қ.Бүркітәлиев), аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы (Д.Мадешев), Түймекент ауылдық округінің әкімі (Қ.Смағұлов)

Көкөзек-Ауыл Береке бағыты бойынша (Түймекент ауылы арқылы) қоғамдық көлік қатынасы ұйымдастырылған. Ақжар ауылында халық санының аз болуына байланысты аталған елді мекенге қоғамдық көлік қатынасын ұйымдастыру қазіргі таңда мүмкін болмай отыр.

2.

Түймекент ауылдық округі, Ақжар ауылындағы балалар ойын алаңшасының құрылысын толық аяқтау жұмыстарын жүргізу

 

2027 жыл

ІV тоқсан

Аудан әкімінің орынбасары (Қ.Бүркітәлиев), Түймекент ауылдық округінің әкімі (Қ.Смағұлов)

Бюджет қысқаруына байланысты Түймекент ауылдық округіне қарасты Ақжар ауылында ойын алаңшасы бюджет есебінен салынбайды. Оны жеке кәсіпкерлер қаржысы есебінен орнату мүмкіндігі қарастырылуда.

Дата публикации
28 апреля 2026