Байзақ ауданының әкімі О.Баққараевтың аудан тұрғындарымен 2026 жылғы кездесулерінде берілген тапсырмаларының орындалуы туралы АҚПАРАТ

Р/с

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1.

Ынтымақ ауылдық округі, Мәдімар ауылы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің аумағын қоршау мәселесін қарастыру

2027 жыл

ІІ тоқсан

Аудан әкімінің орынбасары (Р.Қасымов),Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Байзақ аудандық білім бөлімі (Е.Сейдаханов-келісімі бойынша),Ынтымақ ауылдық округінің әкімі (Б.Жұматаев)

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі аумағын қоршау мәселесі бойынша ақаулық актісі (дефект) жасалып, Байзақ аудандық білім бөліміне бюджеттік өтінім ұсынылды.

2.

Ынтымақ ауылдық округі, Мәдімар ауылындағы су тарату имаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін қарастыру

2027 жыл

ІV тоқсан

Аудан әкімінің орынбасары (Қ.Бүркітәлиев), аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы (Д.Мадешев), Ынтымақ ауылдық округінің әкімі (Б.Жұматаев)

Мәдімар ауылындағы су тарату имаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды.

Дата публикации
28 апреля 2026