
2025 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысымен негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 13,5 млрд. теңге, меженің орындалуы 49,2 %, өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 205,4%-ға, 6,6 млрд. теңгеге артық орындалды (2024ж – 6,9 млн. теңге).
Өнеркәсіп саласы бойынша өнім мен көрсетілетін қызмет көлемі 6,5 млрд. теңгеге, ал нақты көлем индексі 103,2% -ды құрады (2024ж. – 5,1 млрд. теңге).
Бөлшек сауда тауар айналымы 9,8 млрд. теңгеге, нақты көлем индексі 96,1% құрады (2024ж. – 13,1 млн. теңге).
Көтерме сауда айналымының көлемі 2428,9 млн. теңге, нақты көлем индексі 200,9% құрап, тиісті кезенмен салыстырғанда 784,7 млн теңгеге артық орындалды (2024 ж – 1644,2 млн. теңге).
2025 жылға бекітілген индикаторға сәйкес, негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемі 58,4 млрд. теңге.
Ағымдағы жылдың 6 айы ішінде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 13,5 млрд. теңге құрап отыр, оның ішінде:
бюджеттік қаражат есебінен тартылған инвестиция көлемі 484,7 млн. теңге;
ауыл шаруашылығы саласындағы инвестиция көлемі 665,0 млн. теңге;
пайдалануға берілген тұрғын үй алаңына тартылған инвестиция 1 млрд. 815,0 млн. теңге;
жеке инвестицияға салынған қаражат 10 млрд. 526,3 млн. теңге.
Ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру:
Қазіргі уақытта аудан бойынша 45 инвестициялық жоба (270 жұмыс орыны) іске асуда. Жалпы құны 19 784,6 млн. теңге.
2025 жылдың 6 айында 11 жоба толық орындалып, 52 адам жұмыспен қамтылды.
Ірі жобалар ақпарат үшін:
«Алель- Агро» АҚ – 40 құс өсіру орыны (птичник). Жоба құны 12,0 млрд.тг./ 5,0 млрд.тг 21 жаңа жұмыс орындары Іске қосу: 2025 жылдың 4-тоқсаны. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстар жүргізілуде.
«Алель- Агро» АҚ – 8 құс өсіру орыны (птичник). Жоба құны 2,0 млрд.тг. 21 жаңа жұмыс орындары Іске қосу: 2025 жылдың 4-тоқсаны. Қазіргі таңда, құс өсіру орнын кеңету бойынша құрылыс жұмыстар жүргізілуде.
«Алель- Агро» АҚ – құрама жем зауытына қосымша 3 силостың құрылысы. Жоба құны 0,2 млрд.тг. 10 жаңа жұмыс орындары Іске қосу: 2025 жылдың 4-тоқсаны. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
"Алди и К" ЖШС – сұрыптау желісін алу-техникалық жарақтандыру. Жоба құны 1,06 млрд.тг. 10 жаңа жұмыс орындары Іске қосу: 2025 жылдың 4-тоқсаны. Қазіргі таңда, «Жасыл Даму» акционерлік қоғамы қаржысы есебінен тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, сұрыптау, өңдеу жұмыстарын атқаратын жаңа технологиялық құрылымды өндіріске енгізуге сұраныс берілді. Бірінші,екінші кезеңнен сәтті өтті. Жоба бойынша жобалау сметалық құжаттама жасалынып, ведомоствоаралық сараптамадан өтті. «Өндірістерді дамыту Қоры» сайтына орналастырылған, екінші кезеңдегі сұранысқа жасалынған ескертпе мен өзгерістермен жұмыс жасалды. Жобаға аналитикалық талдау мен тәуекел тобы қаралды. Қазіргі уақытта жоба қолдау тапты, қаражат бөлінген соң жұмыстар басталатын болады.
«КazGazBlock» ЖШС – автоклавты газоблок. Жоба құны 1,2 млрд. теңге. 21 жаңа жұмыс орындары. Қазіргі таңда газ жүйесін қосуға құжаттар өткізілді, техникалық шарт күтілуде . Іске қосу 2025 жылдың соңына дейін жоспарлануда.
«Жүсіпов Берік» ЖК – кірпіш зауыты. Жоба құны: 1,0 млрд.тг. 4 жұмыс орны. Іске қосу: 2025 жылдың 3-тоқсаны. Ағымдағы жағдайы: 2025 жылдың маусым айында ашылды.
«Жамалхан» ЖК, жоба құны 0,450 млрд.тг. 40 жаңа жұмыс орындары. 2025 жылдың 1-тоқсанында жоба іске асты (Барлығы 7809,0+450,0=8259.0 млн. теңге).
«Тазабек Досжан» ЖК – қойма, пияз кептіргіш, томат шығару өндірісі. Жоба құны: 750,0 млн.тг.10 жұмыс орындары. 2025 жылдың 4-тоқсаны іске қосу жоспарлануда. Ағымдағы жағдайы, құрылыс нысанын соғу жұмыстары жүргізілуде.
«Kemer Аgro» ЖШС – құс қиы мен қой жүнінен органикалық тыңайтқыш және ланолин шығару. Жоба құны: 300,0 млн.тг., 21 жұмыс орындары. 2025 жылдың 4-тоқсаны іске қосу жоспарлануда. Ағымдағы жағдайы, құрылыс нысанын соғу жұмыстары жүргізілуде.
«Нұрлыжай» ШҚ – сүт өнімдерін өндіру. Жоба құны: 950,0 млн.тг. 40 жұмыс орындары. 2025 жылдың 4-тоқсаны іске қосу жоспарлануда. Ағымдағы жағдайы, құрылыс нысанын соғу жұмыстары жүргізілуде.
«Мухиев Е.» ЖК – демалыс кешені. Жоба құны: 500,0 млн.тг. 50 жұмыс орындары. 2025 жылдың 4-тоқсаны іске қосу жоспарлануда. Ағымдағы жағдайы, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Туризм инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру
2025 жылға ішкі туристер санын 5267 адамға, шетелдік туристер санын 450 адамға арттыру жоспарланып отыр. 2025 жылдың 1 тоқсанында 2447 турист: ішкі туристер 2082 адам, сыртқы туристер 365 адам келді.
Жамбыл облысының Байзақ ауданында 2025 жылы өнеркәсіп салаларын және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Жол картасына енгізілген туризмді дамыту бойынша жоспарланған инвестициялық жобалар:
Жеке кәсіпкер «Мухиев Есей Кадымұлы» Қостөбе ауылдық округі жерінен демалыс кешенін салуда, жоба құны 500 млн. теңге, жұмыспен қамтылатын адам саны 50 адам. Кешенде демалыс орыны, бассейн, этноауыл, ат спорты және балық аулау және т.б. қызмет көрсету түрлері бар. Сыйымдылығы 400 келушіге арналған.
Диқан ауылдық округі, «Батыс Европа - Батыс Қытай» автомобиль жолының бойынан жеке кәсіпкер Копбосынов Ауесбек Тастанбекович «Жібек жолы» жол бойында қызмет көрсету кешенін (кафе, қонақ үй, хостел, дүкен) салуда. Жалпы жоба құны 400,0 млн. теңге, оның ішінде жеке қаражат есебінен 179 млн. теңге, «Халық банк Даму» арқылы алынған несие 221,0 млн. теңге. Жалпы 30 қонаққа дейін қабылдай алатын қонақ үй, 250 келушілерге дейін қабылдайтын кафе құрылысы аяқталған. 20 жұмыс орны ашылды.
Үлгілі ауылдық округі, «Батыс Европа - Батыс Қытай» автомобиль жолының бойында «Нұраян» жеке кәсіпкерлігі, Сарманов Жақсылық «Керуен» жол бойындағы сервистік кешеннің құрылысын аяқтады. Жоба құны 100 млн теңге. 25 қонаққа дейін қабылдай алатын қонақ үй, кафе. 8 жұмыс орыны ашылады.
Сарыкемер ауылдық округі, Сарыкемер ауылында жеке кәсіпкер Ақбасов Мурат қонақ үй сатып алған. Жалпы құны 40 млн. теңге. Қызмет көрсету түрлері бойынша жалпы 30-40 қонаққа дейін қабылдай алатын қонақ үй ағымдағы жылы іске қосылатын болады. 4 жұмыс орыны ашылады.
2025 жылдың I тоқсанның қорытындысы бойынша ауданда келушілерді орналастырумен шұғылданатын орналастыру орындарының саны 3 бірлікті құраса, ондағы орналастыру орындары саны 81 бөлме, бұл ретте біржолғы сыйымдылық 283 төсек-орынды құрап отыр. Олармен 2447 адамға қызмет ұсынылып, қызмет көрсетілген келушілердің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (2024 жылы I тоқсанда – 557 адам) 439%-ға артып отыр.