
2025 жылы құрылыс бөлімі арқылы 3 жобаға бюджеттен 439,2 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде 1 нысан 2023 жылдан өтпелі: Сарыкемер ауылындағы денешынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы, 1 нысан 2024 жылдан өтпелі: Мырзатай ауылындағы 120 орындық мәдениет үйінің құрылысы. 1 нысан 2025 жылы басталды: Сарыкемер тұрғын алқабында 10 кВ электр желілерін тарату пунктінің құрылысын салу.
Пәтер сатып алуға республикалық бюджеттен: 549,0 млн теңге қарастырылды, құнды қағаздар қаражаты есебінен - 2 823,5 млн теңге қарастырылды.
2025 жылы «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында, 2024 жылдан өтпелі 2 нысанның құрылыс жұмыстары жалғасын тапты. Олар:
Сарыкемер ауылындағы денешынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы нысанына 2023 жылы Ұлттық қордан және облыстық бюджеттен 302,5 млн теңге бөлініп, 2023 жылдың 18 тамызында мердігер «Bek Strоy 2010» ЖШС-мен 290,2 млн теңгеге №59, сонымен қатар, 2023 жылдың 10 мамырында техникалық қадағалаушы «АКГЕМ-СТРОЙ» ЖШС-мен 8,9 млн теңгеге №34 және 2023 жылдың 10 мамырында авторлық қадағалаушы «Тараз-Технопроект» ЖШС-мен 3,4 млн теңгеге №14 келісім шарттар жасалынды.
2023 жылдың 21 тамызында құрылыс жұмыстары басталып, барлығы: 104,8 млн теңге игерілді. 2024 жылы сәуір айында құрылыс жұмыстары қайта жандандырылып, барлығы: 160,3 млн теңге игерілді. Құрылысы жұмыстары бекітілген келісім шартқа сәйкес, 2024 жылдың желтоқсан айында толығымен аяқталу қажет болатын. Алайда, қараша айында Ұлттық қордан қаражаттың уақытылы бөлінбеуіне байланысты, нысан 2025 жылға өтпелі болып белгіленді. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары 85%-ға аяқталып, барлығы: 265,2 млн теңге игерілді. 2025 жылға қалған қаражат көлемі: 24,9 млн теңгені құрады. 25.04.2025 жылғы №59-06 қосымша келісім шартқа сәйкес, құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2025 жылдың 30 мамыры болып белгіленген. Алайда, мердігер тарапынан құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмады.
Сол себепті, 18.08.2023 жылғы 59 келісім шарттың 8-тармағы, 8.3-тармақшасына сәйкес, әр кешіккен күнге ішінара орындалмаған міндеттемелер соммасынан, яғни: 24,9 млн теңгеден 0,1% тұрақсыздық айыппұлы есептелді. 30 күнге есептелген тұрақсыздық айыппұлының көлемі 749,8 мың теңгені құрады.
Осыған орай, 30.06.2025 жылы мердігерді мемлекеттік сатып алуда жосықсыз қатысушы ретінде тануға және тұрақсыздық айыппұлын мемлекет пайдасына өндіру мақсатында Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз жолданды. Қазіргі таңда, сот процесі жүргізілуде.
Жалпы мердігер тарапынан, құрылыс жұмыстарын толығымен 29 қыркүйекте аяқтау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында, «Сарыкемер тұрғын алқабында 10 кВ электр желілерін тарату пунктінің құрылысын салу» нысанына облыстық бюджеттен 286,4 млн. теңге бөлініп, 2025 жылдың 30 шілдесінде «Мodern Cоnstruction kz» ЖШС-мен №73 келісім шарт жасалынды. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары 50%-ға аяқталып, 190,0 млн теңге игерілді. Құрылыс жұмыстары келісім шартқа сәйкес, 2025 жылдың 27 қазанында толығымен аяқталатын болады.
Пәтер сатып алу
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес, ағымдағы жылы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының аумағынан 40 пәтер сатып алуға республикалық бюджеттен 549,0 млн теңге қарастырылды. Бұл қаражат тек таза әрлеудегі (инженерлік желілердің құнынсыз) тұрғын үйді сатып алуға жеткілікті болғандықтан, аудандық бюджеттен қосымша 134,9 млн теңге бөлінді. Аталған пәтерлерді сатып алуға 2025 жылдың 3 маусымында мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, нәтижесінде Іргебайұлы Алмас жеке кәсіпкері жеңімпаз атанды. Бүгінгі таңда, жеке кәсіпкерден барлық 40 пәтер сатып алынды.
Сонымен қатар, ҚР Ұлттық Банкі, ҚР Ұлттық қоры қаражатының, сондай-ақ тартылған нарықтық қаражаты есебінен облигациялық қарыздарды беру жолымен ағымдағы жылы Байзақ ауданы аумағында кредиттік және жалға берілетін тұрғын үй құрылысын салу/сатып алуға қосымша 180 пәтерге 2 823,5 млн теңге қарастырылды. (оның ішінде: 5 қабатты 60 пәтерлі 1 тұрғын үй және 120 пәтер 1 қабатты 2 отбасылы тұрғын үйлер) Қазіргі таңда, 180 пәтердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Бұл тұрғын үйлер сатып алынғаннан кейін, аудан аумағында баспана кезегінде тұрған азаматтарға Заң талаптарына сәйкес, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін болады.
2025 жылдың 8 айында орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі
2025 жылға құрылыс жұмыстарының көлемі 19 639,2 млн.теңге межесі бекітілген. Межеге сәйкес, 8 айдың (қаңтар-шілде) қорытындысымен 9 289,8 млн теңге құрылыс жұмыстарының көлемі орындалу қажет болатын. Бүгінгі таңда, нақты орындалғаны 6 904,0 млн теңгені, орындалмағаны 2 385,8 млн.теңгені құрады.
Себебі, ағымдағы жылы республикалық, облыстық, аудандық бюджеттерден құрылыс нысандарына қаражаттың бөлінбеуіне және жеке кәсіпкерлер тарапынан құрылыс нысандарының салынбауына байланысты құрылыс жұмыстарының көлемі орындалмады.
2025 жылдың 8 айында пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі
2025 жылға пайдалануға берілетін тұрғын үйдің межесі 39 302 ш аршы метр болып бекітілген. Қаңтар-шілде (қаңтар - 1997 ш.м, ақпан - 2104 ш.м, наурыз - 4664ш.м, сәуір - 4029 ш.м, мамыр - 1531 ш.м, маусым - 4586 ш.м) айының қорытындысымен 19118 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.