
Байзақ ауданы бойынша 2024 жылғы жер есебіне (балансына) сәйкес, жалпы жер көлемі 446 385 гектар, оның ішінде: ауылшаруашылығындағы жерлер 163 663 гектар, елді мекендердің жерлері 25 093 гектар, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге мақсатқа арналған жерлер 2396 гектар, орман жер қоры 221 640 гектар, су қорының жері 2267 гектар, босалқы жерлер 31 325 гектар.
Конкурс (аукцион) өткізу:
2024 жылы 13 аукцион өткізілді, оған 22 лот бойынша 4,41 гектар жер учаскесі шығарылды. Аукционда жер учаскесінің 3 жылға жалдау құқығы 8 362 676 теңгеге 22 жер телімі сатылды. Сонымен қатар, жыл соңына дейін 1 конкурс өткізу жоспарланып, дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекетке қайтару:
Аудан бойынша зерделеу жұмыстары барысында, нысаналы мақсатында пайдаланылмаған жерлер анықталып, 2023 жылы мемлекет меншігіне жалпы көлемі 11 145 гектар, оның ішінде жайылым 9 680,0 гектар. 2024 жылы мемлекет меншігіне жалпы көлемі 1034,4 гектар, оның ішінде жайылым 673,9 гектар қайтарылды. Пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасуда.
Байзақ ауданында жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспар, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары-Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылдың
24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің рұқсат етілген шекті нормасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленуде. Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозуын болдырмау мақсатында қабылданады. Жайылым жерлердің тапшылығына байланысты ауданда жайылым алқаптары конкурсқа шығарылмайды және жайылымнан егістікке ауыстырылмайды.
Аудандағы шаруа қожалықтарының (жер пайдаланушылардың) саны 2995, олардың жалпы ауданы 164 592 га, оның ішінде 57 839 га егістік, 5051 га шабындық, 163 155 га жайылымдық, 314 га көпжылдық екпелер және 1056 га бөгде жер учаскелері бекітіліп берілген.
Бөлімге келіп түскен хаттар:
Аудандық жер комиссиясына жылдың басынан 25 хаттамалық комиссия жасалынып, 393 оң қорытынды, 43 бас тартылды.
Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөліміне «E-otinish» арқылы 2024 жылдың барлығы 348 өтініш түсіп, қаралғаны 346 оның ішінде 283 өтініш оң қорытынды, 28 өтініш бастартылды,20 өтініш басқа мекмеге жолданды, 15 өтініш кері қайтарылды. Сондай-ақ, «Е-лицензия» бағдарламасы арқылы түскен өтініштердің саны 1870, оның ішінде жер учаскесін қалыптастыру мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 1699 бұйрық шығарылып, бас тартылғаны 4, жер учаскесін нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру 138 өтініш түскен, оның ішінде қанағаттандырылғаны 103, бас тартылғаны 35 Жер учаскелерінің бөлінетіндігін және бөлінбейтігін айқындау 33 өтініш қанағаттандырылған.
Жамбыл облысы әкімшілігі - 5 хаттама;
Жер қатынастар басқармасы - 30 хат;
Жер инспекциясы - 14 хат, 1 ұсыныс;
Аудан прокуратурасы - 9 хат, 2 ұсыныс;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы - 6 хат, 1 нұсқама;
Табиғи ресурстар басқармасы-10 хат;
Аудандық полиция бөлімі-5 хат;
Атамекен-2 хат;
Кірістер басқармасы-20 хат.
Одан бөлек, Байзақ ауданынан Қостөбе, Қызыл жұлдыз ауылдық округінің жалпы көлемі 1761,2 га жер бөлігі Тараз қаласының әкімшілік шекарасына қосылуда. Осыған орай, жер учаскелерінің қала шегіне берілуіне байланысты аудан шекарасына қажетті өзгертулер бойынша тапсырмалар орындалуда.
Жайылым жерлерді елді-мекендерге беру:
Байзақ ауданында 2024 жылғы жер балансы бойынша жайылым жер көлемі 202 172 гектар, елді мекеннің жайылымы 35 248 гектар, босалқы жайылым кезекші картаға сәйкес 3672,2 гектарды құрайды. Бүгінгі таңда түгендеу жұмыстарына сәйкес анықталған босалқы жер қорындағы 2617,69 гектар жайылым жер учаскелерін 10 ауылдық округтерге қосып беру Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84 бабының 4-1 тармағына сәйкес, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халықтың жайылымдық алқаптарға деген мұқтажын қанағаттандыру мақсатында елді мекен санатындағы жайылым жерлеріне ауыстыру жоспарланып, жергеорналастыру жұмыстары жүргізілді.
Жалпы шаруа қожалықтардағы мал басына жетіспейтін жайылым көлемі 482 300 гектар. Ал жалпы елді мекендердегі мал басына жетіспейтін жайылым көлемі 304 600 гектар. Ауданда жайылым жерлердің тапшылығы барлық ауылдық округтерде сезіледі. Аталған мәселені шешу мақсатында Жамбыл облысы бойынша азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы жер кадастры департаментінен аудан бойынша кезекші карта 17 ауылдық округтер бойынша қызмет көрсету аймағында бос жатқан жайылым жер учаскелерін түгендеу жұмыстары бойын жобалық сметақұжаттарын усынуға бөлім тарапынан ұсыныс жасалынды.