Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ауыл шаруашылығы

 2025 жылдың екінші тоқсанына ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 17 млрд. 892,1 млн. теңгені құрады (жоспар – 15 196,1).              Оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 285,0 млн. теңге (жоспар – 240,1), мал шаруашылығы – 16 млрд. 517,9 млн. теңге                                (жоспар – 14 964,1).   Жылдық жоспар 73 млрд. 736,5 млн. теңге.

Ал, ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2025 жылдың II тоқсанында 1 млрд. 438,2 млн.теңгені құрады (жоспар 347,4 млн.теңге).

         Егіс алқаптарына дақылдарды орналастыру жоспары

Аудан бойынша 2025 жылы жалпы 56 500 гектар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (АШТӨ) егістік алқабын игеру жоспарланып, бүгінгі күнге 56 500 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.

Дақылдар бойынша 8 750 га күздік бидай егілген, сонымен қатар 12 440 га жаздық арпа, 2 140 га дәндік жүгері (жоспар 2140 га), 1 050 га майлы дақылдар, 1100 га қант қызылшасы (жоспар 1100 га), 450 га картоп, 4 450 га көкөніс (жоспар 4450 га), 1 580 га бақша және 24 838 га мал азықтық дақылдары орналастырылды.

Егілген дақылдардан Күздік бидай 8750 100%, жаздық арпа         12 440 100% га жаздық арпа,  дәндік жүгері 500 24%  га (жоспар 2140 га),            1 050 га майлы дақылдар 1 030 100%, 450 га картоп 450 га 100% , 4 450 га көкөніс  (жоспар 4450 га), 1 580 га бақша және 24 838 га мал азықтық дақылдары орналастырылды.

 

Су үнемдеу технологиясын енгізу:

2024 жылы су үнемдеу технологиясы 7 302 гектарға орналастырылып, 2025 жылға 4 800 га (2100 га тамшылатып, 750 га жаңбырлатып, 1950 га лазерлік жоспарлаушы) алқапқа су үнемдеу технологиясын енгізу жоспарланды. Бүгінгі күнге 1 230 га алқапқа тамшылатып, 250 га жаңбырлатып, 650 га алқап лазерлік жоспарлаушы қолданылды.

Ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы:

Аудан бойынша (2025 жылдың 1–қаңтарына) барлығы 1119 әр түрлі ауыл шаруашылығы техникалары тіркелген. Көктемгі егіс-дала науқанына   868 техника қатысады деп жоспарлануда. Жиналған мәліметтер бойынша
514 тракторлардың  514 данасы (100,0%), 206 соқаның 206 данасы (100%), 68 қопсытқыштың 68 данасы (100,0%), дән сепкіштің
58 данасы (100,0%) және 6 дана тұқым дәрілегіштердің 6 данасы (100,0%) көктемгі дала жұмыстарына жұмылдырылды.

2025 жылдың 6 айында, аудан бойынша 23 шаруашылық жалпы құны 784,9 млн. теңге тұратын 29 жаңа техникалар сатып алды (оның ішінде 2-комбайн, 27-трактор). Бүгінгі күнге техника жаңару көрсеткіші 3,6% құрап отыр.

 

Минералды тыңайтқыштар алу

Бүгінгі күнге аудан бойынша минералды тыңайтқыштар алу бойынша барлығы 118 шаруашылық  6 182,0 тонна тыңайтқыш алды (оның ішінде, 3097,0 азотты 738,1 фосфорлы және 2347,2 тонна басқа да тыңайтқыштар). Тыңайтқыш енгізілген алқап 21 795,0 га құрайды.

Шаруашылықтар тарапынан минералды тыңайтқыштарды алу жұмыстары жалғасуда.

Кепілді дизель отыны

Көктемгі дала жұмыстарына ауданның 63 ауыл шаруашылығын тауарын өндірушілеріне 520,0 тонна кепілдендірілген дизель отыны көлемі бекітілді. Таратушы оператор «Тараз VIP Сервис» ЖШС. Шаруашылықтарға босату бағасы 254 теңге болып бекітілді.

 Бүгінгі күнге 56 шаруашылық 347,0 тонна дизель отынын алды. Жеңілдетілген дизель отынын шаруашылықтарға беру жалғасуда.

Мал шаруашылығы

2025 жылдың 1 қаңтарына мүйізді ірі қара 47 160 бас, қой-ешкі 409 980 бас, жылқы 24 345 бас, түйе 1 373 бас. Сонымен қатар құстар 1 101,3 мың  бас құрады. 2025 жылға 27 851,5 тонна ет (тірі салмақта), 30 022,1 тонна сүт және 13 738 мың дана жұмыртқа өндіру жоспары.

2025 жылдың 6 айында 10 920,5 тонна сүт, тірі салмақта 14 977,3 тонна ет, 4 449,6 мың дана жұмыртқа өндірілді.

Ал, бірінші жартыжылдығында аудан бойынша мал басының саны: мүйізді ірі қара 60 739 бас, қой-ешкі 471 568 бас, жылқы 25 194 бас, түйе 1 227 бас, құстар 1 202,6 мың бас құрайды деп күтілуде.

Көктемгі дала жұмыстарын  несиелендіру бағдарламалары

2025 жылға «Ауыл аманаты» жобасының 5-ші бағыты бойынша «Тараз Әлеуметтік-кәсіпкерлік Коорпорациясы» АҚ-на жалпы құны                             1 млрд. 327 млн. теңгені құрайтын 152 жоба ұсынылған болатын.              Өтінім - 159 жоба 1 307,9 млн теңгеге, 85 жоба 674,0 млн теңге мақұлданды, 73 жоба 592,8 млн теңге қаржыландырылды.

2025 жылы көктемгі дала жұмыстары үшін «Кең дала» бағдарламасы бойынша 6 шаруа қожалығы жалпы сомасы
76,9 млн. теңгеге қаржыландырылды («Көркем-ай.» шқ 17,5 млн. теңге, «Азия» шқ 13,5 млн. теңге, «Кіші Бурыл» шқ 12 млн.теңге, «Фазулов» шқ 26,5 млн. Теңге, «Береке» шқ 3,5 млн.теңге, «Азия» шқ                                        3,9 млн.теңге). «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша 16 шаруашылыққа 966,5 млн. теңгеге қаржыландырылды («Ынтымақ-2004» шқ 25,0 млн.теңге, «Айдын» шқ 25,0 млн.теңге, «Жетібай» шқ 463,6 млн.теңге, «Байжанова» шқ 12 млн.теңге, «Абылайхан» шқ 7,5 млн.теңге, «Тлекеев» шқ 79,0 млн.теңге, «Жоламан» шқ 6,0 млн.теңге, «Кэма-агро» шқ 51,5 млн.теңге, «Яшар» шқ 20,2 млн.теңге, «Аділет» шқ 7,7 млн.теңге, «Бағым» шқ 33,0 млн. теңге, «Бақыт» шқ 3 млн.теңге, «СПК Агрохолдинг Аспан» 140 млн.теңге, «Айсулу» шқ 9,2 млн.теңге, «ANS-AGRO» шқ 67 млн.теңге). Бұдан бөлек 2 шаруа қожалықтың («Жаннат» шқ, «Дурсун» шқ) 8,3 млн. теңгеге өтінімдері қаралуда.

Мал азығын дайындау барысы туралы

2025 жылы жалпы аудан бойынша 29 927 гектар шөп шабылады деп күтілуде. Оның ішінде 5 089 гектар шабындық, 24 124 гектар көп жылдық шөп, сүрлемдік шөп 330 гектар. Бүгінгі күнге 24 124 гектар көп жылдық шөп алқабының  22 465 гектарында екінші орым жүргізілді, 190 029 тонна пішен (жоспар 262 000 тонна), 20 000 тонна пішендеме (жоспар 20 000 тонна), 47 263 тонна сабан (жоспар 52 000 тонна) орылып алынды. 2024 жылы әр ауылдық округ аумағында 300 тюк шөп жинау жұмыстары жүргізілген, 2025 жылға 200 тюк шөп жинау жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда:

Түймекент ауылдық округінде «Жасұлан» шаруа қожалығы базасында 5 тонна (200 тюк);

Суханбай ауылдық округінде «Султанбек» шаруа қожалығы базасында 5 тонна (200 тюк);

Дихан ауылдық округінде «Рамазан» шаруа қожалығы базасында 5 тонна (200 тюк);

Ботамойнақ ауылдық округінде «Еркен» шаруа қожалығы базасында 5 тонна (200 тюк);

Жаңатұрмыс ауылдық округінде «Айдын» шаруа қожалығы базасында 5 тонна (200 тюк);

Бәйтерек ауылдық округінде «Байымбет Баба» шаруа қожалығы базасында 5 тонна (200 тюк);

Темірбек ауылдық округінде «Рамазан» шаруа қожалығы базасында 5 тонна (200 тюк);

Көптерек ауылдық округінде «Құм-бел» шаруа қожалығы базасында 5 тонна (200 тюк);

Ынтымақ ауылдық округінде «Ынтымақ-2004» шаруа қожалығы базасында 5 тонна (200 тюк);

Жалғызтөбе ауылдық округінде «Жетібай» шаруа қожалығы базасында 5 тонна (200 тюк);

Сазтерек ауылдық округінде «Бапыш-Сейсенбай» шаруа қожалығы азасында 5 тонна (200 тюк);

Мырзатай ауылдық округінде «Жаныс-Баба» шаруа қожалығы базасында 5 тонна (200 тюк);

Бурыл ауылдық округінде «Нұрмахамбет» шаруа қожалығы базасында 5 тонна (200 тюк);

Қостөбе ауылдық округінде «Фейзатов» шаруа қожалығы базасында 5 тонна (200 тюк);

Көктал ауылдық округінде «Нур и К» шаруа қожалығы базасында 5 тонна (200 тюк);

Үлгілі ауылдық округінде «Бансет» шаруа қожалығы базасында 5 тонна (200 тюк) шөп жиналып, жалпы аудан бойынша 80 тонна құрады.

Байзақ ауданы бойынша картоп, көкөніс, дәндік жүгері, майлы дақылдар және бақша дақылдарынан алынған өнім туралы мәлімет

Картоп дақылына келер болсақ – жалпы 450 га болса оның ішінде 231 га жиналып 5221 тонна (орташа өнімділік 226 ц/га) жиналды.

Көкөністерден 5500 га алқаптан 2145 га жиналып 58 994 т (орташа өнімділік 275 ц/га) көкөніс жиналды.

Бақша дақылдарынан 1580 га бақшадан 947 га жиналып               жалпы 25 569 (орташа өнімділік 270 ц/га) тонна бақша өнімдері алынды.

Пияз дақылына келер болсақ 1434 га пияздың 202 га жиналып     8383 т (орташа өнімділік 415 ц/га) пияз жиналды.

Қиярдың 1189 га алқабынын 594 га жиналып 16 632 тонна (орташа өнімділік 280 ц/га) қияр жиналды.

Қызанақ егістігінің 1769 га нан 651 га жиналып 18 554 тонна (орташа өнімділік 285ц/га) қызанақ алынды.

Басқа да көкөніс дақылдары 901 га құраса оның 698 га алқабынан  15 426 тонна (орташа өнімділік 221 ц/га) көкөніс жиналды.

Ауыл шаруашылығы саласына тартылатын инвестициялар көлемі

Ауыл шаруашылық саласында 2025 жылға жалпы құны 10 млрд. 093 млн. теңгені құрайтын 68 жоба жоспарланып отыр. Аталған жұмыстардың нәтижесінде жұмыспен қамтудың өңірлік картасына сәйкес 201 адам (оның ішінде 112 адам тұрақты, 89 адам уақытша) жұмыспен қамту жоспарлануда. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 1 млрд 438 млн.теңгені құрап, жоспарланған 347 млн. теңгеден бірнеше есе артық орындалды.

Іске асырылған ірі жобалар

Жалғызтөбе ауылдық округінде «Жетібай» шқ су үнемдеу технологиясы. Жоба құны 1 060 млн. теңге (өзіндік қаражаты 360 млн, несие қаражаты есебінен 700 млн);

Жаңатұрмыс ауылдық округінде «Мәді» шқ мал бордақылау алаңы (өзінің қаражаты 10 млн);

Көптерек ауылдық округінде «Кежебай Ата» шқ мал бордықлау алаңы (өзінің қаражаты 30 млн);

Көптерек ауылдық округінде «Доскең» ЖҚ мал бордақылау алаңы (өзінің қаражаты 30 млн);

Көптерек ауылдық округінде «Нурбол» ЖҚ жылыжай                                (несие қаражаты есебінен 3,8 млн);

Көптерек ауылдық округінде «Асқат» ЖҚ мал бордақылау алаңы                          (өзінің қаражаты 27 млн);

Сазтерек ауылдық округінде «Асқат» шқ мал бордақылау алаңы (өзінің қаражаты 60 млн), «Бапыш-Сейсенбай» шқ мал бордақылау алаңы (өзінің қаражаты 150 млн);

Темірбек ауылдық округінде «Дәулет» шқ жылыжай. Жоба құны 200 млн. теңге (өзінің қаражаты 100 млн, несие қаражаты есебінен 100 млн);

Үлгілі ауылдық округінде «Жамалбек» шқ мал бордақылау алаңы (несие қаражаты есебінен 20 млн);

Түймекент ауылдық округінде «Мақхан» шқ жылыжай (несие қаражаты есебінен 9,2 млн);

 

 Анықтама ретінде:

Ботамойнақ а/о аумағынан:

- «Biomar Group» ЖШС сұйық тыңайтқыштар зауытын қеңейту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, түйіршікті және ұнтақ тәрізді тыңайтқыштар өндіретін желіні іске қосу жоспарлануда. Жобалық қуаты жылына – 1 000 тонна. Жобаның құны – 50 млн.теңге (несие «Тазар» ӘКК-ге өтінім берілді), жаңа ашылатын жұмыс орындары – 5 адам. Орындаулы мерзімі: 2025 жылдың соңынан дейін

- «KazBiomar» ЖШС бұршақ өндеу зауытының құрылысы жүргізілуде. Жобалық құаты– қайта өндеу сағатына 10 тонна. Жобаның құны – 350 млн.теңге (өзінің қаражаты 200млн, несие қаражаты есебінен 150 млн), жаңа ашылатын жұмыс орындары – 5 адам.Ағымдағы жағдайы: аталған жоба бойынша ӘКК тарапынан қаржыландыру күтілуде. Орындаулы мерзімі: 2025 жылдың соңынан дейін.

- «Рысбек Ата»  ШҚ-ы мал бордақылау алаңы құрылысын жүргізуде.  Жобаның құны - 80 млн. теңге (өзінің қаражаты 80 млн.), жаңа ашылатын жұмыс орындары – 2 адам; Орындаулы мерзімі: 2025 жылдың соңынан дейін.

Жалғызтөбе а/о аумағынан «SOUTH HOLIDAY» ЖШС форель балығын өсіру, балық етін консервілеу өндірісінің жобасы. Жобалық құаты - : жылына 2,0 млн.дана тауарлы форель балығы. Жобаның құны- 250 млн теңге (100% жеке қаражат есебінен), жаңа ашылатын жұмыс орындары – 20 адам. Ағымдағы жағдайы :Бүгінгі күнге жері таңдалды.Орындаулы мерзімі: 2025- 2026 жылдары.

Көктал а/о аумағынан «Taraz Mai» ЖШС көкөніс сақтау қоймасының құрылысы жүргізілуде. Жобалық құаты жылына – 1 000 тонна. Жобаның құны – 50 млн.теңге, жаңа ашылатын жұмыс орындары – 2 адам. Ағымдағы жағдайы:бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Орындаулы мерзімі: 2025жылдың соңынан дейін.

Семинарлар өткізу:

Ағымдағы жылдың 10 - 21 ақпан аралығында, ағымдағы жылға ауыл шаруашылығы бағытында өзгерістер бойынша ауыл шаруашылығы мамандарымен ауданның ауылдық округтері араланып ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен семинарлар (агрооқу) өткізілді. Аталған семинарларда ауыл шаруашылығы бағытында берілетін субсидиялар атап айтқанда егін шаруашылығы, мал шаруашылығы және инвестициялық субсидиялар, карантиндік объектілер, егіс алқабына зиян тигізетін арамшөптер мен зиянды организмдер және ағымдағы жылы ағын судың жағдайы мен болжамды көлемі бойынша ақпараттар берілді.

 

Документы
Есеп
18 мая 2023
Ауыл шаруашылығы бөлімі
Байзақ ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі 2022 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы ЕСЕП
Қаулы
23 января 2023
Жер қатынастары бөлімі
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы әкімдігінің Қаулысы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы