
Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветериар мамандарына отын сатып алуға төленетін төлем бағдарламасы бойынша 2024 жылға жоспар бойынша 84753,0 мың теңге қаржы қаралып, 4591 әлеуметтік сала мамандарына, қатты отын су атып алу мақсатында тағайындалып, төленді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасы бойынша жалпы бюджеттен бөлінген 273208,0 мың теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде (Атаулы әлеуметтік көмек төлеміне 234126,0 мың теңге (РБ суб-я
199670,0 мың тг; жб 34456,0 мың тг) және 1-6 жасты қоса алғандағы балаларға қосымша төлеміне 39082,0 мың теңге). Жыл ішінде қаралған қаржы (100 пайыз) игерілді.
Бүгінгі күнге 456 отбасының 2788 адамына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 234126,0 мың теңге тағайындалып, төленді.
Ал, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңінде әр балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ай сайынғы қосымша 915 балаға 38082,0 қаржы тағайындалып, төленді.
Сонымен қатар, аудан бойынша 106190 адам тіркелген болса, кедейшілік шегінен төмен 2788 адамы бар 456 отбасы тұрады. Бұл аудан халқының 2,6 пайызын құрайды.
Аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінен
196 адам (оның ішінде: тұрақты жұмысқа-142 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа-32 адам, әлеуметтік жұмыс орнына-17 адам, жастар практикасы-2 адам, мемлекеттік грант алушы- 2 адам, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курсына қатысқан-1 адам) жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан.
Тұрғын үй көмегіне бюджеттен 239,0 мың тенге бөлініп,
10 отбасының 53 адамына төлем тағайындалып, төленді.
«Жергілікті уәкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекеленген топтарына әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша жалпы 80067,0 мың теңге (ЖБ-73148,0 мың тг, ОБ-6919,0 мың тг) қаржы бөлініп, жыл ішінде 580 адамға біржолғы әлеуметтік көмек тағайындалып, (100 пайыз) төленді.
Есепті мерзімде: өтінішітер бойынша біржолғы көмек:
- Туберкулез ауруымен ауыратын 60 адамға 14003,5 мың теңге;
- ВИЧ (вирустық имундық тапшылығы) 1 адамға 1211,0 мың теңге;
- онкологиялық ауруына байланысты 172 адамға 15979,1 мың теңге;
- пробация қызметі бойынша 20 адамға 1107,6 мың теңге;
-шипажайда емделу үшін 22 адамға 3038,0 мың теңге;
-табиғи газ құбырын орнату үшін 20 адамға 7217,0 мың теңге;
- табиғи зілзада немесе өрт салдарынан 1 адамға 1108,0 мың теңге.
Мереке күндері бойынша біржолғы көмек:
-Ауған соғысы 68 ардагерлеріне 12552,8 мың теңге төленді;
-ҰОС ардагері 1 адам 1500,0 мың теңге;
-ҰОС ардагерінің жесірі 1 адам 50,0 мың теңге;
-соғыс арагерінің әйелдері 12 адам 600,0 мың теңге;
-Тыл еңбеккерлері 77 адам 3850,0 мың теңге;
-Тәжікстан-Ауғанстан соғысы ардагері 52 адам 7800,0 мың теңге;
-Таулы Карабах соғысы ардагері 8 адам 1200,0 мың теңге;
-ЧАЭС апатының ардагерлері 13 адам 1950,0 мың теңге;
-Семей палигоны қатысушы ардагері 38 адам 5700,0 мың теңге;
-Бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына 9 адам 450,0 мың теңге;
-1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасы қатысушылары 5 адам 750,0 мың теңге.
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бағдарламасы бойынша 2024 жыл басынан 7412,0 мың теңге қаржы бөлініп, 130 отбасының 132 мүгедектігі бар балаларына үйде оқыту шығындарын жұмсау төлем тағайындалып, төленді.
Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық пен техникалық көмекші құралдар және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 2024 жылы 433917,0 мың теңге бөлінді. (Оның ішінде: РБ-94195,0 мың теңге, РБ суб-я 154567,0 мың теңге, ОБ-35460,0 мың теңге, ЖБ-143695,0 мың теңге). Жыл басынан 433917,0 мың теңге қаржы (100 пайыз) игерілген.
Аудан бойынша 2024 жылдың 1 желтоқсанына 3679 мүгедектігі бар адамдар (Оның ішінде: 1 топтағы мүгедектігі бар адамдар – 279 адам,
2 топтағы мүгедектігі бар адамдар – 1425 адам, 3 топтағы мүгедектігі бар адамдар – 1417 адам және 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар адамдар балалар –
558 адам) тіркелген.
Жыл басынан жалпы 1208 адамнан 2059 (міндетті гигеналық және техникалық орын толтырушы көмекші құралдар мен қызметтер) бойынша құралдармен қызметтер үшін өтініш тіркеліп, толық қамтылып (орындалуы 100 пайызды) құрайды. (2023 жылы 1746 құралға өтініш қабылданып, 1743 құралмен қамтылды, орындылауы 99,9 пайыз).
1) Міндетті гигиеналық құралды қажет ететін 435 адамнан
980 құралға өтінішітері тіркеліп, толық қамтылды (орындалуы
99,6 пайыз).
2) Сурдотехникалық құралдарын қажет ететін 32 адамнан
73 құралға өтініші тіркеліп, толық қамтылған (орындалуы 100 пайыз);
3) Тифлотехникалық құралдарын қажет ететін 27 адамнан
129 құралға өтініші тіркеліп, толық қамтылған (орындалуы 100 пайыз);
4) Кресло-арбаны құралдарын қажет ететін 60 адамнан 83 құралға өтініші тіркеліп, (орындалуы 100 пайыз) қамтылды.
5) Протез-ортопедиялық құралдарды қажет ететін 276 адамнан
416 құралға өтініші тіркеліп, (орындалуы 98,3 пайыз) қамтылды.
6) Санаторлық-курорттық емделу бойынша 333 адамның өтініші тіркеліп, 333 адам жолдамамен қамтамасыз етілді (орындалуы 100 пайыз).
7) Ымдау тілі маманының қызметін алуға 42 өтініш тіркеліп, ымдау тілі маманының қызметімен қамтылып (орындалуы 100 пайыз).
8) Жеке көмекші қызметін алуға 3 өтініш тіркеліп, 3 адам жеке көмекші маманымен қамтылды (орындалуы 100 пайыз).
Мемлекеттік әлеуметтік әріптестік шеңберінде жүргізілетін бағдарламалар бойынша Мемлекеттік сатып алу Заңына сәйкес «Әлеуметтік әріптестік шеңберінде» үкіметтік емес ұйымдар тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы ұсынылатын қызметтер үшін жалпы бюджеттен 54056,0 мың теңге бөлініп (100 пайыз) игерілген.
Аудан аумағы бойынша 1 топ мүгедектерді, 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі бар және ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген соғыс ардагерлерін тасымалдайтын инватакси қызметі бойынша 18040,0 мың теңге қаралып 2 жабдықталған автокөлік 70 адамды тасымалдайды.
психоневрологиялық аурумен ауратын және тірек-қимылы бұзылған мүмкіндігі шектеулі 4 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға 25-30 орындық жартылай стацианар жағдайында беиімдеу және оңалту қызметі 36016,0 мың теңге қаржыға қызмет көрсетілуде.
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы жалпы 120669,0 мың теңге қаржы қарастырылып, (100 пайызға) игерілді. Бөлімнің 27 әлеуметтік қызметкерлері «Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі» арқылы, жыл басынан 152 адамға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуге тіркелген (Оның ішінде: мүгедектігі бар бала - 91 адам, 18 жастан мүгедектігі бар – 24 адам және жалғызілікті қарт - 44 адам) 24 әлеуметтік қызметкер, қызметтің 8-түрін (тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, мәдени, экономикалық, еңбек, құқықтық) көрсетуде.
Жыл басынан арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша барлығы
203 өтініш қабылданды. (оның ішінде: 71-үйде күтім көрсетуге және
132-стационар және жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет алуға) қабылданды.
Түскен өтініштердің ішінен:
71 – адам бөлімше тарапынан үйде күтім көрсетуге;
2 – адам «№4 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына»;
2 – адам «№2 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына»;
91 – адам «Жамбыл облыстық мүгедектігі бар адамдарды оңалту және бейімдеу орталығына»;
3 - «№5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы»
8 – адам «Аутизмі бар балаларды қолдау орталығы»;
2 – адам «Жамбыл облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығына» құжаттары рәсімделіп, жіберілді.
24 – адам «Жуалы мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және биімдеу орталығы» МҚБ-ге Байзақ ауданы бойынша жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге жолданды.
Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдардың және жалығызілікіті қарттардың мерзімдері аяқталған жеке жұмыс жоспарлары ұзартылды. Аббилатициялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы ашылған балалардың құжаттары рәсімделіп, жеке іс-парағы ашылды.
Әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру, тәжірибе алмастыру мақсатында жыл басында семинар-кеңесті ұйымдастыру кестесі бекітілді.
Осы кестеге сәйкес 12-рет семинар-кеңес және тренигтер өткізілді.
Сонымен қатар, Бөлім тарапынан ұйымдастырылған іс-шаралар жұмыстары да аз емес:
2024 жылы 415 адамға 8 рет 3797,0 мың теңгеге іс-шаралар жұмыстары мен қайырымдылық ұйымдастырылды.
о.і. (172 қарт адамға, 243 мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар адамдар).
1-наурыз «Алғыс айту күні», 22 наурыз – наурыз мерекесіне орай «ӘЗ-НАУРЫЗ» атты, бөлім үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын және «Жастар ресурстық орталығы» мамандарымен қарияларымызды, атаулы мерекелерімен құттықтап азық - түлік себеттерімен, сыйлықтарын табыс етіп, мерекелік дастархан жайылып, К.Әзірбаев атындағы балалар саз мектебінің концерттік бағдарламасын тамашалап, ізгі тілектерін білдірді.
«1-маусым Балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында Бөлімінің ұйымдастыруымен үйде арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған мүгедектігі бар балаларға арнап Сарыкемер ауылындағы «Бағлан» мейрамханасында іс-шара өтті. Іс-шарада «Балалар мен жасөспірімдер орталығының вокалдық ансамблі мен Өнер мектебі» әсем ән мен билерін көрсетті. Шақырылған балалар мен ата аналарына демеуші тарапынан мерекелік дастархан жайылып сыйлықтар табыс етілді.
1 – қазан Халықаралық «Қарттар күні» орай, аудан орталығы Сарыкемер ауылында, бөлімннің ұйымдастырумен «Бағлан» мейрамханасында 50 ардагерлермен қарияларға демеушілердің қолдауымен аудан әкімінің міндетін атқарушы Б.Сағынбектың және аудан мәслихатының төрағасы Б.Ақбаевтың қатысымен мерекелік дастархан жайылып, 10 ардагерге ауданы әкімінің алғыс хаты табысталып, мерекелік концерт өткізілді.
25 желтоқсан күні, аудан орталығы Сарыкемер ауылы «Бағлан» Мейрамханасында, үйде арнулы әлеуметтік қызмет түрімен қамтамассыз етілген 23 мүгедектігі бар балалар мен ата-аналарға арналған жаңа жылдың шырша іс-шарасы өтіп, үйде арнулы әлеуметтік қызмет түрімен қамтамассыз етілген барлық 105 мүгедектігі бар балаларға жаңа жыл мерекесіне орай сыйлықтар берілді.
Ал, «Еріктілер кеңесі» консультативтік – кеңесші органының жанынан құрылған «Руханият» волонтерлық қозғалысының жоспарына сәйкес, бөлімнің әлеуметтік қызметкерлерінің қатысумен:
1) Сарыкемер ауылдық округі, Мамбет батыр көшесі №1/1 үйінің тұрғыны, жалғызілікті қарт Людмила Кужелеваның ауласын абаттандыру және жабайы шөптерден тазалау жұмыстары жүргізілді.
2) Сарыкемер ауылдық округі, Д.Қонаев көшесі №152 үйінің тұрғындары жалғызілікті қарттар Степанова Екатерина Ивановна және Кравченко Зоя Ивановнаның үйінің аумағы мен қоршауы жабайы шөптерден тазалады және бөлмелерін әктеу және еденін сырлау жұмыстарын жүргізді.
3) Мырзатай ауылдық округінде жалғыз басты ана, Жапарова Сәуле апамыздың ауласында тазарту жұмыстары жүргізіліп, сыйлықтар табысталынды.
4) Көптерек ауылдық округінің жалғызілікті тұрғыны Зиятбекова Қанымкүл апаның үйне барып, көмек қолын ұсынып, үй шаруасына көмек берілді.
5) Ботамойнақ ауылдық округінде клуб меңгерушісі Ш.Тоқболатовамен бірлесе Жангесеева Сара апаның үйіне барып, Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
6) Қосы батыр ауылындағы жалғызбасты қарттар Суанбеков Кален және Самылтырова Аягөздердің қайырымдылық ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, Бөлімде құрылған аудандық комиссиялар бойынша атқарылған жұмыстар.
Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі жылдың қорытындысымен 10 рет аудандық комиссия жұмысын үйлестіру бекітілген.
Бүгінгі күнге 7 рет үшжақты комиссия отырысы мен 3 рет дағдарысқа қарсы штаб отырысы өтті.
«Аманат» партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру мақсатында 2021-2025 жылдары 107 мекемеге мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз жүріп тұруы үшін бейімдеу жұмысын жүргізу жоспары бекітілді. 2024 жылға 21 нысанда (Оның ішінде: Білім саласы бойынша 12 мекеме, Мәдениет саласы бойынша 7 мекеме, Денсаулық саласы бойынша 1 мекеме, Мемлекеттік мекеме 1 мекеме ХҚКО) бейімдеу жұмысын жүргізу жоспары бекітілген.
Бүгінгі күнге, білім саласы бойынша 12 мекемеге (Амангелді орта мектебі – 1987,8 мың теңге, Ғ.Байтасов атындағы орта мектебі – 2640,0 мың теңге, Жамбыл орта мектебі – 2140,0 мың теңге, Көктал орта мектебі – 2390,0 мың теңге, Суханбаев отра мектебі – 1335,0 мың теңге, Мырзатай орта мектебі – 2162,7 мың теңге, №2 орта мектебі – 1722,2 мың теңге, №3 орта мектебі – 1900,0 мың теңге, , №6 орта мектебі -1890,4 мың теңге, Үлгілі орта мектебі 2696,0 мың теңге, Дихан орта мектебі 2090,0 мың теңге, Еңбек орта мектебі 1145,0 мың теңге) бойынша жалпы бюджеттен 24099,1 мың теңгеге жеңімпаз анықталып, сметалық құжаттарға сәйкес құрылыс жөндеу құрылыс жүргізілді.
Ал, мәдениет саласы бойынша, 7 мекеме (Көкбастау ауылдық клубы – 711,5 мың теңге, Байзақ ауылдық клубы – 344,6 мың теңге, Жетібай ауылдық клубы – 897,8 мың теңге, Дихан ауылдық клубы – 2885,4 мың теңге Үлгілі ауылдық клубы – 483,5 мың теңге, Бурыл ауылдық клубы – 532,2 мың теңге, Көктал ауылдық клубы – 891,0 мың теңге) бойынша жалпы бюджеттен 6746,0 мың теңге қаржы қаралып, сметалық құжаттар бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды.
«Аманат» партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру мақсатында 2024 жылға бейімделу үшін жоспарланған 21 нысанда толық бейімделді.
Қолжетімділіктің интерактивті картасының деректері бойынша «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталында
2024 жылға жоспарланған 21 нысанның барлығы енгізілген, жаңа деректер алу барысында интерактивті картаға өзгерістер енгізіледі.