
Аудан бойынша мемлекеттік тіркеуден өткен «Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы» республикалық діни бірлестігінің 29 филиалы (мешіттер) тіркеліп, паспорттары мен электрондық дерекқорлары жасалынған.
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына 29 мешіттің барлығы толық тіркелді. (Қостөбе ауылдық округтеріне қарасты бір мешіттің құрлыс жұмыстары жүргізілуде, құжаттары заң талаптарына сәйкес қайта тіркеуден өтеді).
Жалпы аудандағы 29 мешіттің, 30 имамы бұйрықпен тағайындалып, арнайы курстан өтіп, қызмет атқаруда. Бекітілген имамдардың 3-і арнаулы орта білімді, 4-і орнауылы орта, 23-ы медреседен арнайы сауат ашу курстарын бітірген.
Қауіпсіздік шаралары мен экстремизм және терроризмнің алдын алу мақсатында аудан аумағындағы 29 мешітіне бейнебақылау қондырғылары орнатылған, кәзіргі таңда толығымен жұмыс істеп тұр.