Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексінің талаптарын сақталуы мәселелерін түсіндіру бойынша жиын ұйымдастырылды.
Әкімшілік аппарат қызметкерлеріне әдеп нормаларын сақтау, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақталу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Заң талаптарын жеткізу, адалдық қағидаттарын қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу, қызметтік этика, өзара сыйластық, жауапкершілік пен мәдени қарым-қатынастың маңызы атап өтілді.
Қол қою рәсіміне Қазақстан Президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты.
Мемлекет басшысы Шымкентте кісі қолынан қаза болған Нұрай есімді бойжеткеннің оқиғасына қатысты полиция әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырды
Ынтымақ ауылдық кітапханасында «Жазушымен бір күн» кітапханалық жоба аясында,аудан көлеміндегі жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттау мақсатында, сөз құдіретін серік еткен, жүрек сырын өлеңмен өрнектеген, оқырман көңілінен орын тапқан ауылымыздың тұрғыны ақын, жазушы Байзақ ауданының құрметті азаматы, Асан Әлмақашұлымен “Ақын - елдің ардағы” атты кездесу кеші өтті. Бұл жоба оқырманды тікелей жазушымен жүздестіріп, шығармашылық әлемнің сырын сезінуге мүмкіндік беретін ерекше мәдени – ағартушылық жоба. Ақын –қашанда өз заманының үнін, халықтың мұңын да, қуанышын да жырға қосқан рухани тұлға. Кешке ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Даулетов, Аналар алқасының төрайымы Г.Томанова ауыл тұрғындары С.Шохайбаев, А.Әшекеев, Р.Қосыбаев, Р.Тайшыбекова, ауылдық әкімшіліктің бас маманы А.Іңкәрбек,жастар ісінің нұсқаушысы Қ.Сыдықовалар қатысып ақынға сұрақтар қойылды.Ш.Уәлиханов орта мектебінің 6 сынып оқушылары Орынбай Айару, Байыспай Бибінұр, Сейдуалы Амина, Жапар Ералы, Мейрамалы Заңғар ақынның жыр шумақтарын оқып оқырмандардың ықыласына бөленді.А.Әлмақашұлының “Жыр -жылуы жүректің” Ырысты мекен Ынтымақ, Перзент, Мәдімар болыс ,Қолтаңба, Жолайрық, Дара тұлға, Ауыл айнасы, атты кітаптары жарық көрген. Қазіргі уақытта оқырмандар көзайымына айналуда. Поэзия – жанның сыры, көңілдің айнасы.
Бүгінгі кешіміз – ақынмен жүздесу, сырласу, өлеңмен сусындау кеші болды.
Іс-шараның басты ерекшелігі – Әуе қорғанысы күштерінің әуе кемелерінің Астана, Тараз, Балқаш, Жетіген, Қарағанды, Шымкент, Талдықорған және Ақтау қалаларындағы әскери әуеайлақтардан бір мезгілде көкке көтерілуі болды. Ұшуларға С-295, Су-30СМ, Су-27, Л-39С ұшақтары, Ми-17, Ми-35, Ми-171 тікұшақтары, сондай-ақ ANKA ұшқышсыз ұшу аппараты тартылды.
Жеке құрам даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті. Батырдың 115 жылдығына орай ұшуларды басқару пунктінде Волоколамск түбіндегі шайқасқа қатысқан жауынгердің өмір жолы мен ерлік істеріне арналған естелік бұрыш безендірілді.
Ұшуға дейінгі нұсқаулық барысында экипаж мүшелеріне ақыл-кеңес берген командирлер бұл іс-шараның ұрпақтар сабақтастығын нығайту және Отан қорғаушылардың даңқты жауынгерлік дәстүрлерін жалғастыру тұрғысынан маңызын атап өтті.
– Бұл ұшуларға қатысу – әрбір әскери ұшқыш үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Оқу-жаттығу сабақтарын Бауыржан Момышұлының есімімен байланыстыра отырып, біз оның Отан алдындағы еңбегіне терең құрметімізді білдірдік. Оның өмірлік қағидалары мен адамгершілік өсиеттері әскери қызметшілер үшін рухани бағдар мен моральдық тірек болып табылады, – деді Әскери-әуе күштері қолбасшысының орынбасары полковник Медет Әскетаев.
Оқу-жаттығу ұшулары штаттық режимде өтіп, қойылған барлық міндеттер толық көлемде орындалды. Іс-шара Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің жоғары жауынгерлік дайындығын және ұшқыштар мен инженерлік-техникалық құрамның кәсібилігін айқын көрсетті.
Геологиялық барлауға 72 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды, Fortescue және Esan сияқты ірі серіктестермен 21 бірлескен кәсіпорын құрылды. «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясының жер қойнауын пайдалану саласындағы реформаларды жүзеге асырудағы рөлі туралы вице-министр Иран Шархан Үкіметтің баспасөз мәслихатында айтты.
Бүгінгі таңда Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты кен орындарын қоса алғанда, 5 пилоттық жоба жүзеге асырылуда. 2028 жылға қарай қорларды JORC халықаралық стандартына сай есепке қою жоспарлануда.
«Учаскелерді игеруге "Тау-Кен Самұрыққа» басым құқық беруді бекіту жер қойнауын ұтымды пайдалануға мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді және саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады»,
— деп атап өтті Иран Шархан.
Шағын және орта бизнестің қабылданған жобаларына субсидия төлеу үшін Үкімет қаражат бөлді. Ал «Даму» Қоры кәсіпкерлерге қаражат аударуға кірісті.
«Қазір мемлекет қажет қаражатты толық бөлді. Осы жылдың соңына дейін біз мойнымыздағы міндеттемелерімізді толық орындап бітеміз. Қордаланған берешектер қазірдің өзінде өтеліп жатыр, ал ШОБ бұған дейін төлеген пайыздар бойынша субсидия ала бастайды. Банктерге барлық төлемдер толық аударылады. Осылайша, берешекке байланысты ШОБ мәселелері толық шешіледі. Жыл соңына дейін біз барлық міндеттемелерді орындаймыз», - деді Қордың Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов.
Бұл ретте 2025 жыл ішінде кідірістер барлық өңірде бірдей болмағанын атап өту маңызды. Атап айтқанда, Алматыда Жергілікті атқарушы органның қолдауының арқасында уақтылы төленіп келді.
Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, ауылды өркендету, ауыл әкімдері институтын одан әрі жетілдіру міндеттерін айқындайды.
Cондай-ақ еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды мәселелеріне тоқталады.
Бүгінде еліміз бойынша 2334 ауыл әкімі сайланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
✔️Ақордада алты елдің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
Сенім грамоталарын
🇮🇱Израиль мемлекетінің елшісі Йоав Быстрицки;
🇰🇬Қырғыз Республикасының елшісі Құдайберген Базарбаев;
🇨🇺Куба Республикасының елшісі Альфредо Федел Ниевес Портуондо;
🇱🇧Ливан Республикасының елшісі Джордж Абу Зейд;
🇿🇼Зимбабве Республикасының елшісі Марк Грей Маронгве;
🇸🇴Сомали Федеративтік Республикасының елшісі Фатхудин Али Мохамед тапсырды.
✔️Президент Қазақстан барлық мемлекетпен достық қарым-қатынас орнатқан бейбіт ел екеніне тоқталды.
✔️Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ішкі саясатында қолға алынған бастамалар жөнінде әңгімеледі. Бұл жұмыстар Әділетті Қазақстанды құруға, «Заң және тәртіп» қағидатына негізделгенін айтты.
✔️Мемлекет басшысы елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, Қазақстан тарапы олардың қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
t.me/aqorda_resmi
«Қазақстан – әлем қауымдастығының ажырамас бөлігі. Мемлекетіміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан.
Қазіргі заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да, біз бәріміз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық.
Менің негізгі мақсатым – осындай түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Өскелең ұрпақ бақытты, берекелі өмір сүруге тиіс. Сол үшін бәріміз бір ұлт болып, табанды еңбек етуіміз керек. Бұл – баршамызға ортақ өте маңызды жұмыс, аса жауапты азаматтық және ұлттық міндет.
Жұмысымыз қаншалықты күрделі болса да, біз міндетті түрде табысқа жетуіміз керек. Басқа жол жоқ. Себебі, бұл – еліміздің болашағы, халқымыздың тағдыры. Сондықтан, барлық реформаны салмақты көзқараспен, мұқият, жан-жақты ойластырып, сапалы түрде жүзеге асыруымыз керек.
Баршаңызға мәлім, соңғы жылдары Қазақстанда ауқымды өзгерістер жасалды.
Еліміздің саяси жүйесі анағұрлым озық әрі ашық бола түсті. Азаматтарымыздың сана-сезімі, болмысы өзгеріп жатыр. Соның арқасында халқымыздың мемлекеттік институттарға, заңға және әділдік пен тәртіпке деген сенімі нығаюда.
Бірақ алдымызда ауқымды жұмыс бар. Қоғамды жаңғырту үшін әлі де көп шаруа атқаруымыз керек. Қазір ел экономикасында реформалар жүргізіліп жатыр. Инфрақұрылымға және жаңа өндіріс орындарын ашуға қомақты инвестиция салынып жатыр. Мұның бәрі халықтың әл-ауқатын және еліміздің әлеуетін арттыру үшін жасалып жатқаны айдан анық.
Жасанды интеллектінің қарқынды дамуы қазірдің өзінде халықтың, әсіресе жастардың мінез-құлқы мен болмыс-бітіміне әсер етіп жатыр.
Басқаша болуы мүмкін емес, себебі бұл үрдіс бүкіл әлемде қалыптасқан тәртіпті және адамдардың өмір сүру салтын біржола өзгертуде. Біз бұған дайын болып, батыл әрекет етуіміз керек. Әйтпесе, артта қалудың салдары өте ауыр болады.
Сондықтан мен алдымызға өте маңызды стратегиялық мақсат қойдым. Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек».
t.me/aqorda_resmi