«Байзақ ауданы Темірбек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Егер «Байзақ ауданы Темірбек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
функциялары, құқықтары мен міндеттері
1) ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік органдардың қызметіне жалпы бақылау жүргізу, сонымен қатар ауылдық округ әкімінің тапсырмалары мен актілерінің орындалуын бақылау;
3) ауыл әкімінің шешімдерін түбегейлi және уақтылы орындау;
4) ауылдық округ әкімін ауыл аумағында iстiң жағдайы туралы уақтылы әрi толық хабардар ету.
5) заңдылықты және құқықтық тәртiптi нығайту, азаматтардың құқықтық таным деңгейiн арттыру және елдiң қоғамдық -саяси өмiрiнде олардың белсендi азаматтық көзқарас ұстануы бойынша шараларды жүзеге асыру;
6) ауылдық округтiң кешендi әлеуметтiк – экономикалық дамуын, азаматтар құқықтарының қорғалуын, олардың заңды мүдделерiнiң қанағаттандырылуын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша жергiлiктi өкiлдi органдармен өзара iс-әрекет жасау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
1) аудан әкiмiне, әкiмдiгiне және жоғары тұрған органдарға олардың сұраған мәселелерi бойынша ақпарат беру;
2) ауылдық округ әкiмiнiң, ауылдық округ әкiмi аппаратының қызметтерiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;
3) ауылдық округ әкiмiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн әдiлет органында тiркеудi және мониторинг жүргiзудi қамтамасыз ету;
4) ауылдық округ әкiмi аппаратының тәртiп жағдайына талдау жүргiзедi және осы мәселе бойынша ауылдық округ әкiмiн ақпараттандыру;
5) ауылдық округ әкiмi аппаратының жұмысын, отырыстарының, мәжiлiстердiң, семинарлардың және басқа да iс-шаралардың өткiзiлуiн жоспарлайды, оларды дайындау мен өткiзудi ұйымдастыру;
6) ауылдық округ әкiмінiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң жобаларын әзiрлеу;
7) ауылдық округ әкiмінiң актiлерiн тiркеудi және таратуды жүзеге асырады;
8) ауылдық округ әкiмінiң отырыстарын, ауылдық округ әкiмінiң мәжiлiстерiн, әкiм күндерiн, бақылау сағаттарын, құқықтық жалпыға мiндеттi оқытуды және өзге де iс-шараларды дайындауды және өткiзудi жоспарлайды және ұйымдастырады, материалдарды, мәжiлiс хаттамаларын рәсiмдеу және таратуды жүзеге асырады;
9) ауданның мемлекеттiк органдарымен және ауылдық округ әкiмі аппаратының арасындағы ұйымдастыру және ақпараттық байланысты жүзеге асырады;
10) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң және орталық органдарының, сонымен қатар, облыс әкiмiнiң және әкiмдiгiнiң, аудан әкiмiнiң және әкiмдiгiнiң актiлерiмен тапсырмаларының орындалуын жүзеге асыру;
11) ауылдық округ әкiмiнiң кiрiс құжаттарын уақытылы қарауын ұйымдастырады, олардың бастапқы өңделуiн, алдын-ала қаралуын, тiркелуiн, есебiн, сақталуын, жеткiзiлуiн және таратылуын жүзеге асыру;
12) ауылдық округ әкiмi аппаратымен көрсетілетiн мемлекеттiк қызмет көрсетудi жүзеге асыру;
13) мемлекеттiк сатып алуларды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыру;
14) ауылдық округ әкiмi аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерiн және қызметкерлерiн тәртiптiк жазаға тартуды, жұмыстан босатуды ұйымдастыру және жүргiзу;
15) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн есептеудi және қарауды қамтамасыз етедi, ауылдық округ әкiмiнiң азаматтарды жеке қабылдау жүргiзулерiн ұйымдастыру;
16) өз құзыретi шегiнде гендерлiк саясатты iске асыру;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
1) соттарда, тиiстi аумақта басқару тиiмдiлiгiн арттыру мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен өзара қарым-қатынаста ауылдық округ әкiмiнiң, ауылдық округ әкiмi аппаратының мүдделерiн ұсыну;
2) ауылдық округ әкiмiнiң және ауылдық округ әкiмi аппаратының құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларынан және өзге де ұйымдардан қажеттi ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң және өзге де орталық атқарушы органдарының, облыс, аудан әкiмдерi мен әкiмдiктерiнiң, ауылдық округ әкiмiнiң актiлерi мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
4) заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда өз құзыретi шегiнде және заңнама аясында қажеттi материалдар мен ақпаратты беруге;
5) әр деңгейдегi әкiмдiктердiң мәжiлiстерiне, жергiлiктi атқарушы органдардың алқаларына, жиналыстарына қатысуға;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
7) құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсiнiктемелер беру;
8) нормативтiк-құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысуға;
9) мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды иеленуге және жүзеге асыруға;
10) ауылдық округ әкiмiнiң және әкiм аппараты атынан сотта талапкер және жауапкер болуға;
11) «Байзақ ауданы Темірбек ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызметшiлерiнiң этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен мiндеттердi жүзеге асыру.
1) мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда, азаматтармен өзара қарым-қатынаста аудан әкiмi аппаратының атынан өкiлдiк ету және сенiмхат беру;
2) әкiм аппаратына жүктелген мiндеттердiң орындалуы және аппараттың өз функцияларын жүзеге асыру үшiн жеке жауап беру;
3) ауылдық округ әкiмi аппаратының болашақтағы және ағымдағы қызметiн жоспарлауды жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулыларының, облыс және аудан әкiмi шешiмдерi мен өкiмдерiнiң, облыс және аудан әкiмдiктерi қаулыларының орындалуына бақылау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
5) қабылдау кестесiне сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзу, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн заңнамамен белгiленген мерзiмдерде қарау, олар бойынша қажеттi шаралар қабылдау;
6) еңбек шарты бойынша және мемлекеттiк қызметке қабылданған қызметкерлердi заңнамамен белгiленген тәртiпте жұмысқа тағайындау, босатады, тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту, марапаттау, материалдық көмек көрсету және тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешу, iссапар құжаттарын рәсiмдеу, жыл сайынғы еңбек демалыстарын беру;
7) өкiмдер мен шешiмдер қабылдау, ауылдық округ әкiмi аппаратының қызметкерлерiмен орындалуы мiндеттi нұсқаулар беру, құзыретi шегiнде қызметтiк құжаттамаларға қол қою;
8) өз құзыретi шегiнде ауылдық округi әкiмi аппаратының ақшалай қаражаттарын басқару, бюджеттiк қаражаттардың нысаналы қолданылуына бақылауды жүзеге асыру, қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар;
9) ауылдық округ әкiмi аппаратындағы iшкi еңбек тәртiбiн белгiлеу;
10) ауылдық округ әкiмi аппаратының шығыстар сметасын бекiту және оның шегiнде қаржыны жұмсауға басшылық жасау;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл үшiн дербес жауаптылық белгiлене отырып, осы жөнiнде тiкелей мiндет жүктеледi;
12) мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелердің жасалуына жол бермеу үшін елді мекен аумағында жеке тұлғаларға қатысты (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады және жүргiзедi;
13) жердің нысаналы мақсатсыз пайдаланылуына жол бермеу үшін елді мекен аумағында жеке тұлғаларға қатысты (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады және жүргiзедi.
14) оның құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
«Байзақ ауданы Темірбек ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.