Ауылдық округе Тегістік ауылдық фельшерлік пункті, Сарыбарақ және Шахан медициналық тірек пункттері орналасқан. Оларда жалпы 12 адам қызмет атқарады, оның 9 адамы медицина қызметкерлері. Жыл сайын ауылдық округте орта есеппен 10-15 сәби дүниеге келеді. Соңғы жылдары ана мен бала өлімі тіркелмеген.