Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен жоспарлары туралы баяндама

Байзақ ауданы, Суханбаев ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен жоспарлары туралы ауылдық округтің әкімі Мадибаев Абдулмурат Абдулмаксутовичтің 2023 жылға арналған баяндамасы

 

Суханбаев ауылдық округінің аумағы 5449,6 га.

2024 жылдың 1 қаңтарындағы  жағдай бойынша жалпы аула саны – 424, халық  саны – 2496 адамды құрайды.

Жақаш ауылы  аула саны – 189, халық саны – 1098.

Қосы батыр ауылы аула саны – 112, халық саны – 675

Талас стансасы аула саны – 123, халық саны – 723.

 

  Суханбаев ауылдық округі әкімі аппаратына 2023 жыл бойына азаматтардан 31 өтініш түскен, оның: 26 жеке тұлғалар, 5 заңды тұлғалар. 19 азамат әкімнің жеке қабылдауында болды. 14 өтініш қанағаттандырылып, 5 азаматқа  заң аясында түсінік берілді.

  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Cуханбаев ауылдық округі  әкімінің аппараты 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді.

  2023 жыл бойына ауыл тұрғындарына 13 рет түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік, ватсап желілеріне салынды және оған 332 адам қамтылды.

  2020-2023 жылдан бері ауыл тұрғындарымен тығыз байланыстарда болу мақсатында,  Whatsapp  желісі  арқылы 2 топ ашылып, ақпараттандыру жұмыстары мен тұрғындардың сұрақтарына тиісті жауаптар қайтару үшін кері байланыстар орнатылған.

 

Әлеуметтік көмек саласы

2023 жыл бойына АӘК 15 отбасының 89 адамына 6 млн. 453 мың теңгеге тағайындалып, толығымен төленді.

Ауыл тұрғындары арасынан Мемлекеттік бағдарламалар бойынша; Грант-9 адам 12 млн. 420 мың теңге алды. әлеуметтік жұмыс орнына - 2 адам. алғашқы жұмыс орнына 1 адам, Ақылы қоғамдық жұмысқа -30 адам, «Жастар тәжірибесі» -5 адам. «Күміс жас» -2 адам.

33 азамат «Бастау бизнес» онлайн сертификаттарын алды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан 31 адам өтті. «Онлайн» кәсіптік оқудан- 8 адам өтті.

 

Салық түсімдері бойынша

2023 жылға жоспар - 5936,0 мың тг, орындалғаны - 5952,6 мың тг(100,2%).

Салынған айыппұл саны - 2, сомасы 103,5 мың теңге.

 

Ауыл шаруашылығы саласы

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі – 4219 га. Оның ішінде суармалы жер – 1693 га., Тәлімдік жер – 1337 га., Жайлым жер – 1063 га., Шабындық – 100 га., Бөгде жер – 25 га., Көпжылдық екпе -0 га.

Ауылдық округтің жер көлемі, барлығы 3030 га егістік жер бар болса, оның  1693 га суармалы жер, 1337 га тәлімі жер. 2023 жылы 136 шаруа қожалығы тіркеліп, егін және мал шаруашылығымен айналысуда.

2023 жылы 310 гектарға күздік бидай, 725 гектарға арпа, 150 гектарға жүгері, 50 гектарға қант қызылшасы, 145 гектарға майлы дақылдар, 130 гектарға көкөніс, 100 гектарға бақша, 325 гектарға жаңа жоңышқа, 1095 гектарға ескі жоңышқа өнім егілді. Суханбаев ауылдық округінде жалпы жайылым жер бүгінгі күнге 2099 га, ал округтегі мал басына шаққанда қажетті жайылым көлемі 15126 га, жайылым жердің жетіспеушілігі 13027 га құрайды.

Мал шаруашылығы

2024 жылдың 1 қаңтарына қой,ешкі - 26556 бас (+106), МІҚ – 2857 бас(+12), жылқы – 1285 бас (+65), үй құстары – 9218 бас (0), түйе - 25 бас(-1).

2023 жылы мүйізді ірі қара 2857 бас, жылқы 1285 бас, қой-ешкі 26556 бас, құс  9218 бас, түйе 25 басты құрап, яғни мал басы өткен жылмен салыстырғанда 4 % пайызға артып отыр.

 

Білім саласы бойынша

- А.Суханбаев атындағы орта мектебінде 41 мұғалім, 242 оқушы.

- Қарасу орта мектепте 31  мұғалім, 120 оқушы. 

- Т.Ақбозов атындағы орта мектепте 32  мұғалім, 177 оқушы бар.

- «Айнұр» бөбекжай бақшасында - 50 бала, 8 тәрбиеші

 

Денсаулық сақтау саласы бойынша

«Суханбаев» дәрігерлік амбулаториясында 1-дәрігер, 1-бала дәрігері,  4-медбике, акушерка-1, психолог-1, социолог-1, санитар-1, жүргізуші -1, қарауыл-1.

         «Қарасу» медициналық тірегінде медбике-1, санитар-1, қарауыл-1.

         «Көкөзек» медициналық тірегінде медбике-1, санитар-1, қарауыл-1. ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді.

 

 

Мәдениет саласы бойынша

Суханбаев ауылдық клубы 1958 ж. салынған, 120 орындық. Клуб меңгерушісі-1, қарауыл-2, еден жуушы-1, Жақаш ауылдық кітапхана меңгерушісі-1, Қосы батыр ауылдық кітапхана меңгерушісі-1, Көкөзек ауылдық кітапхана меңгерушісі-1..

Кітапханалардағы цифрландырылған ақпараттық орталығында 2023 жыл бойына  көрсетілген қызметтер саны 436. Ауыл тұрғындары тұрақты қызмет көрсетілуде.

 

Спорт саласы бойынша

2019 жылы Көкөзек ауылында демеуші есебінен Жасұзақ Асыланбек атындағы спорт кешені, кіші футбол алаңы, балалар ойнайтын бір стритворкаут салынды.              2021 жылы Т.Ақбозов атындағы орта мектебінде спорт зал кешені салынды. Ал 2023 жылы Жақаш ауылында кіші футбол алаңы салынды.  Спорттық үйірмелер саны – 3 (дзюдо, футбол, волейбол)

Ауылдық округте спорттық нысан-12, спортпен шұғылданушылардың саны 1012 (40,5 % пайызды құрайды).

3 орта мектептердің спорт залы кешкі 20:00-22:00 аралығында ауыл тұрғындарына  қолжетімді.

2023 жылы спорт нұсқаушысымен жоспарға сәйкес - 28 іс-шара ұйымдастырылды. Жалпы ауылдық округ бойынша 3 (КМС) спорт шеберіне кандидат, 1 Қазақстан чемпионы шыққан.

 

Құқық қорғау саласы бойынша

2023 жылы тіркелген қылмыс-1,  ашылғаны-1, ашылмағаны -0, ашылуы 100 % пайыз. Оның ішінде; есірткі қылмысы - 1.

55 әр түрлі хаттамалар толтырылған, (қоқыс тастау, отбасылық жан-жалдар, тіркеусіз тұрғандар, мас күйде автокөлік жүргізгендер, малдарын қараусыз  жайғандар, т.б.)

 

2023 жылы тұрмысы төмен отбасы, көп балалы Қанағат Ермекке «Асарлатып үй салу» жобасы аясында ауыл белсенділерінің атсалысуымен 3 бөлмелі тұрғын үй құрылысы жүргізіліп, желтоқсан айында пайдалануға берілді.

 

2023 жылы:

  • Жақаш ауылына шағын футбол алаңыны салынды 7,4 млн тг
  • Жақаш ауылы А.Суханбаев орта мектебінің жылыту қазандығын көгілдір отынға қосу жұмыстары 15,124 млн тг жүргізілді.
  • Қосы батыр ауылы Қарасу орта мектебінің жылыту қазандығын көгілдір отынға қосу жұмыстары 14,4 млн тг жүргізілді.
  • Жақаш ауылы А.Суханбаев орта мектебінің қоршауы 7 млн теңгеге жөнделді.
  • Жақаш және Қосы батыр ауылына ақпараттық тақтасы (баннер) 1,7 млн теңгеге орнатылды.
  • Көкөзек ауылы Н.Абдуалиев көшесінің бас жағына баған орнату, түнгі жарықтандыру жұмыстары 1,8 млн теңгеге жүргізілуде.
  • Жақаш ауылының шығысынан мал өлекселерін тастайтын «Беккер» шұңқыры 11 млн тг соғылуда.
  • Көкөзек-Жібек жолы бағытындағы аудандық мәндегі жол 581 млн тг орта жөндеуден өтуде.
  • Қосы батыр ауылының кіреберісіне саябақ соғылды 7,7 млн тг.

Демеушілердің есебінен

  • Жақаш ауылынан «Билайн» байланыс операторының антенна мачталық қондырғысы 43 млн теңгеге орнатылды.
  • Жақаш ауылының 1986 жылғы туылған түлектері А.Суханбаев атындағы орта мектебіне үстел теннисін орнатып берді 160 мың тг
  • Жақаш ауылындағы Ақәділ Суханбаевтың жазғы футбол алаңшасының айналасына 100 түп туя ағаштарының көшеттері отырғызылды 300 мың тг.
  • Жалпы 2023 жылы ауыл тұрғындары мен демеушілер арқылы 950 мың теңгеге тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік түрінде көмек көрсетілді

 

Доклат на ру
Дата публикации
26 января 2025