Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді көрсетуі туралы

     Көрсетілетін қызмет түрі

     Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – жеке мемлекеттік функцияларды іске асырудың бір түр. Ол қызмет алушылардың өтініші бойынша жекеше түрде олардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылық және қаржылық емес заңдылықтарға сәйкес жеке тұлғаларға қызмет көрсетуді іске асырады. Мемлекет алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі – жоғары сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге барлық халықтың бірдей қолжеткізуі. Бұл мәселе заң жүзінде бекітілген.

     Мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер тізіліміне сәйкес Суханбаев ауылдық округі әкімінің аппаратты 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін  көрсетеді.

     Олар: 1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру туралы»;

     2. «Сауда-саттық (конкурстарды,аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;

     3. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;

     4. «Кент, ауыл, елдімкеннен объект салу үшін жер учаскесін беру»;

     5. «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату».                                                  

    Суханбаев ауылдық округінің  әкімі аппаратты ғимаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша, яғни жоғарыда аталған 5 қызмет бойынша ақпарат туралы тақтайша ілінген.

     Жыл бойына ауыл тұрғындарына 12 рет түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік, ватсап желілеріне салынды және оған 1240 адам қамтылды.

     2020 жылдан бері ауыл тұрғындарымен тығыз байланыстарда болу мақсатында, Whatsapp  желісі  арқылы 2 топ ашылып, ақпараттандыру жұмыстары мен тұрғындардың сұрақтарына тиісті жауаптар қайтару үшін кері байланыстар орнатылған.

 

Дата публикации
21 мая 2024