
Ауылдық округте 153 ұсақ шаруа қожалықтар тіркелген.
Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 5449,6 гектар, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер, барлығы 3994,6 гектар. Оның ішінде: 1538,6 гектар суармалы, 1 317 гектар тәлім жер, жайылым жер- 1039 гектар, шабындық жер – 100 гектар. Егістік жерлерге күздік бидай, жаздық арпа, жүгері, көкөніс, бақша, майлы дақылдар, көп жылдық шөп егіледі. Ауыл тұрғындарына мемлекеттік «Ауыл аманаты», «Еңбек», 35 жасқа дейін жастарға берілетін 2,5 пайыздық несие, жеңілдетілген 6 пайыздық несие, қайтарымсыз гранттар және т.б. бағдарламаларға насихаттау жұмыстары жүргізіліп, аталған жұмыстар өз нәтежиесін беруде.
2024 жылы мемлекеттік жеңілдетілген 6% несие алушылар – 3 азамат, Қайтарымсыз грант - 3 адам мал шаурашылығына алды. Инвестициялық салымдарды субсидиялау (4 ауылшаруашылығы жаңа техникалар алынды).