
Ауылдық округте тұрғындар негізінен ислам дінін ұстанады. 3 елдімекенде 3 мешіт бар. Жақаш ауылындағы «Суханбай» мешіті 1999 жылы негізі қаланған, сыйымдылығы 60 адам, 2022 жылы ауыл тұрғындарының демеушілігімен ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді. Қосы батыр ауылында «Қосы батыр» мешіті 1992 жылы демеушілікпен салынған, сыйымдылығы 90 адамға арналған. 2018 жылы қоршау, 2020 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Көкөзек ауылында «Жантай ата» мешіті 2005 жылы салынған, сыйымдылығы 65 адам, 2019 жылы демеушілікпен күрделі жөндеуден өткізіліді.