
Ауылдық округе Суханбаев ауылдық амбулаториясы, Қарасу және Көкөзек медициналық тірек пункттері орналасқан. Барлығы жаңа үлгідегі типтік ғимараттар. Оларда жалпы 20 адам қызмет атқарады, оның 12 адамы медицина қызметкерлері. Жыл сайын ауылдық округте орта есеппен 50-60 сәби дүниеге келеді. Соңғы жылдары ана мен бала өлімі тіркелмеген.