
Ауылдық округте 1 мәдениет үйі, 3 кітапхана бар, Жақаш ауылдық кітапханасында – 7200 кітап қоры болса, Қарасу ауылдық кітапханасында – 3 040 кітап, ал Көкөзек ауылдық кітапханасында – 4 000 кітап қоры бар.
Жақаш ауылдық клубында барлық мәдени іс-шаралар өткізіліп отырады.
Ауыл тұрғындарына электронды қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында Жақаш, Қосы батыр, Көкөзек ауылдық кітапханаларында цифрландырылған ақпараттық орталық ашылған.
Ол жерде 26 қызымет түрі көрсетіледі. Жақаш кітапханасында 460 адамға қызмет көрсетілді. Нәтежиесінде 3 елді мекендегі 2496 ауыл тұрғындары орталыққа бармай-ақ электронды қызмет алуға қол жеткізеді. Бұл ауыл халқының 100%.