Байзақ ауданы Сазтерек ауылдық округі әкімі аппаратының 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
2024 жылдың 12 айында ауылдық округі әкімі аппартында 6 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
- электронды түрде– жоқ
- қағаз түрінде– 6 қызмет
2024 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген және мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары
Сазтерек ауылдық округі әкімінің аппараты, халықтың электрондық мемлекеттік қызметтерді аудандық ХҚКО бармай-ақ өз бетінше алу үшін әкімшілік ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылып, жауапты маман бекітіліп, интернет желісі қосылған жұмыс компьютерінде egov.kz порталынан қызмет алуға келген ауылдық округ тұрғындарына ЭЦҚ арқылы қызметтер көрсетілуде.
Сонымен қатар, Абай ауылдық кітапханасында өзіне-өзі қызмет көрсету «Цифрландырылған ақпараттық орталықтар» жұмыс жасайды. 2024 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша 552 қызмет көрсетілді. Аталған орталықтарда жергілікті тұрғындар халыққа көрсетілетін қызметтің 26 түрімен кедергісіз қамтылуда.
Ауыл тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау жұмыстары туралы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша ақпараттық насихаттау жұмыстары ай сайын жүргізіледі яғни ауылдық округтің жеке парақшаларында яғни facebook, instagram парақшаларында және ауылдық округтің уатсаб чаттарында жарияланып отырады.
Сазтерек ауылдық округі әкімінің аппараты