2024 жылдың 12 айында жергілікті атқарушы органымен 152 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
2024 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген және мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
Осы мерзімде жергілікті атқарушы органдардың қызмет берушілерімен 5 дәлелді бас тартулар орын алған. Себебі өтініш беруші талаптары мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының талаптарына сәйкес емес.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары
Ауылдық округ әкімдіктерінің ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылып, ауылдық округ әкімі аппаратынын бір маманына жүктеліп, интернет желісі қосылған жұмыс компьютерінде egov.kz порталынан қызмет алуға келген ауыл тұрғындарына ЭЦҚ арқылы қызметтер көрсетілуде.
Сонымен қатар, ауылдық округте өзіне-өзі қызмет көрсетудің 2024 жылдың қорытындысы бойынша 1872 қызмет көрсетілді. Аталған орталықтарда жергілікті тұрғындар халыққа көрсетілетін қызметтің 26 түрімен кедергісіз қамтылуда.
Ауыл тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау жұмыстары туралы
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жыл бойында 4 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, 2 БАҚ-та жариялау) , оған 10370 халық қамтылды.
Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттық материалдар ауылдық округінің әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (facebook, instagram) парақшаларына әртүрлі тақырыптарда 3 мақала жарияланды.
2024 жылы аудан бойынша 2 мемлекеттік қызметкер мемлекеттік қызметтер саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткен.
Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, заң бұзушылықтардың алдын-алу жұмыстарын жүргізу бойынша тұрақты бақылауда.