Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
ТЕРІС ҚҰБЫЛЫСПЕН КҮРЕС

Қоғамның алға дамуына кедергі келтіретін сыбайлас жемқорлықпен күрес жүйелі жүргізіліп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз осы әлеуметтік дертке бірге батыл қарсы тұруымыз қажет. Менің түбегейлі ұстанымым: мемлекет сыбайлас жемқорлықпен оны түп-тамырымен жойғанға дейін күресуі қажет»,-деп атап өткен болатын.
Осы мәселе бойынша елімізде арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да ауқымды. Басты мақсат - Әділетті Қазақстанның болашағы жарқын болуы үшін жемқорлықпен жұмыла күресуіміз қажет. Келеңсіз құбылысымен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауаттылығын, ақпараттық-түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. Ал жемқорлықсыз қоғам құру үшін әр адам өзінің құқықтарын, өзіне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің жолдарын толық білуі маңызды.
Біздің ең басты міндетіміз – қоғам тұтастығын сақтау, қоғамдық қатермен күресті нығайту, сондай-ақ, азаматтардың мемлекетке деген сенімін, адал және әділетті қоғамда өмір сүру мүмкіндігін сақтау болып табылады.
Сарыкемер ауылдық округінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түрлі форматтағы іс-шаралар жүйелі ұйымдастырылып отырады. Округте «Сенім» телефонының нөмірі көрнекі жерге ілініп, ұсыныс және шағым жәшігі әкімдік ғимаратында орналасқан.
Әлемдегі барлық елдерге сыбайлас жемқорлық теріс құбылыс ретінде жақсы таныс. Ал бұл қоғамның барлық салаларының дамуына кері әсерін тигізіп келе жатқанын жақсы білеміз. Сондықтанда әрбір мемлекеттік қызметші сыбайластық көріністерінің алдын алуды азаматтық ұстанымына айналдырған жағдайда нәтижелі болады. Мұнымен қатар әр азамат өз құқығын жақсы білуі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді. Мұның бәрі елімізде құқықтық мемлекеттің іс жүзінде орнауына, заңның үстемдігі мен әр адамның қауіпсіз өмір сүруіне,сондай-ақ, қоғамдық тәртіптің нығаюына жеткізеді.

Сәуле Тлеуқұлова,
Сарыкемер ауылдық округінің әкімі.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы