GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
16 марта 2026
Мемлекет басшысы: «Жаңа Конституция – Тәуелсіздік пен егемендік тірегі»

Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық референдум аса жоғары деңгейде өткенін, ашық әрі әділ болғанын айтты.

Президенттің пікірінше, барлық заң талаптары мен демократиялық нормалар қатаң сақталды. Мұны еліміздің және шетелдің байқаушылары да айтып отыр.

– Азаматтар жасаған таңдаудың түпкілікті қорытындысын заңға сәйкес Орталық референдум комиссиясы ресми тәртіппен шығарады. Бірақ қазірдің өзінде Қазақстан халқы ынтымақ пен бірліктің, патриотизмнің, Отан тағдырына ортақ жауапкершіліктің керемет үлгісін көрсетті деп айта аламыз. Азаматтарымыздың басым бөлігі Өркендеу, Әділет, Заң мен Тәртіп, Табиғатты аялау және Тазалық жолын таңдады. Бұл – өте жақсы жол. Жаңа Халық Конституциясы елімізді тың жетістіктер мен табыстарға бастайды. Бұған ешқандай күмән жоқ. Дауыс берушілер саны бойынша ең жоғары рекордтық көрсеткіш тіркелді. Мұндай жағдай көптен бері болмап еді. Учаскеге келіп, азаматтық ұстанымын анық білдірген баршаға алғыс айтамын. Осы арқылы күллі әлемге қазақ қоғамының саяси мәдениеті жоғары екенін паш еттік. «Бірлік бар жерде тірлік бар». Бірлік бар жерде өркендеу бар. Елдің қуаты – бірлікте. Бізге татулық пен достық, сабырлық пен табандылық, жасампаздық пен ұқыптылық, еңбекқорлық пен сенімділік ауадай қажет. Сонда ғана озық, дамыған, бәсекеге қабілетті ел боламыз, – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан халқы қолдаған, жаппай дауыс берген Конституция – еліміздің темірқазығы.

– Жаңа Конституция – Тәуелсіздік пен егемендік тірегі. Ата заңымыз – адам құқығы мен бостандығының мызғымас кепілі. Біз бір ел болып Заң мен тәртіп сақталатын, жауапты және жасампаз азаматтары бар Әділетті қоғам құру жолында маңызды қадам жасадық. Осылайша, бүгін ұлт тарихының жаңа парағын аштық. Алда ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Ең бастысы, халқымыз түбегейлі өзгерістерді барынша қолдайды. Біз ортақ мүдде жолында күш біріктіріп, келер ұрпаққа Өркениетті, Озық Қазақстанды аманат етеміз. Мен бұған кәміл сенемін. Осы референдум кезінде жастар белсенді түрде сайлауға қатысты. Жастарымызға мың да бір рақмет! Жастарымыздың дауысы, үні өте жақсы естілді. Әрқашан аман болыңыздар! Қазақ елінің қасиетті Тәуелсіздігі мәңгі болсын! Отанымыз – Қазақстан Республикасы жасай берсін! Жаңа Конституциямыз құтты болсын! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

16 марта 2026
Біздің басты байлығымыз — елдегі тыныштық пен этносаралық татулық.

Кез келген тұрмыстық жанжалды ұлттық сипатқа бұрмалау немесе арандатушылыққа бой алдыру ауыр қылмыс болып саналады.
Есіңізде болсын:
• Араздықты қоздыру (174-бап): Әлеуметтік желідегі бір ғана пікір немесе репост үшін 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуыңыз мүмкін.
• Жаппай тәртіпсіздік (272-бап): Заңсыз жиындарға қатысудың соңы 10 жылға дейін түрмеге жабумен аяқталады.
• Жалған ақпарат (274-бап): Тексерілмеген ақпаратты таратқаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Эмоцияға беріліп, болашағыңызға балта шаппаңыз! Соттылық туралы жазба сіздің және балаларыңыздың мансабына, банк қызметтеріне және шетелге шығуына өмір бойы кедергі болады.
Арандатуға ермеңіз! Заң аясында әрекет етіңіз!

13 марта 2026
Жамбыл облысында туризм саласындағы кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау күшейтілді

Жамбыл облысында туризм саласында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары күшейтілді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасының туризм саласын мемлекеттік қолдау, дамыту және мониторинг бөлімінің басшысы Жомарт Хажы мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта басқармада мемлекеттік қолдау шараларына қатысу үшін кәсіпкерлерден өтінімдер мен қажетті құжаттарды қабылдау басталды. Құжаттарды пошта арқылы, қағаз түрінде немесе электрондық форматта тапсыруға болады. Өтінімдерді қабылдау биылғы жылдың 1 маусымына дейін жалғасады.

Мемлекеттік қолдау шаралары туристік инфрақұрылымды дамытуға, қызмет көрсету сапасын арттыруға және өңірге келетін туристер санын көбейтуге бағытталған. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлерге жаңа жобаларды іске асыруға, туристік нысандар салуға және қолданыстағы объектілерді жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, мемлекет туристік нысандарды салу немесе қайта жаңғырту кезінде жұмсалған шығындардың 10 пайызын өтейді. Бұл шара өңірде жаңа туристік жобаларды жүзеге асыруға серпін беріп, инфрақұрылымның дамуына ықпал етеді.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер сегіз жолаушы орнынан (жүргізушіні есептемегенде) көп сыйымдылығы бар автобустар мен шағын автобустар сатып алған жағдайда жұмсалған шығындардың 25 пайызына дейін өтемақы ала алады. Бұл қолдау туристік көлік паркін жаңартуға, қызмет сапасын арттыруға және туристер үшін жайлы сапар ұйымдастыруға бағытталған.

Бұдан бөлек, жол бойындағы сервистік нысандарды дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекет автожанармай құю бекеттерін, қонақүйлерді, дәмханаларды, дүкендерді және басқа да жол бойындағы қызмет көрсету объектілерін салуға жұмсалған шығындардың 10 пайызын өтейді. Бұл шаралар нысандардың инфрақұрылымға қосылуына және олардың Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарына сай болуына ықпал етеді.

Сондай-ақ туристік нысандарда санитарлық-гигиеналық тораптарды абаттандыру, жаңғырту және күтіп ұстауға байланысты шығындардың бір бөлігі де мемлекет тарапынан өтеледі. Бұл бағытта ай сайын 83 300 теңгеге дейін субсидия қарастырылған.

Мамандардың айтуынша, аталған қолдау шаралары өңірдің туристік әлеуетін арттырып, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және Жамбыл облысының туристік тартымдылығын күшейтуге мүмкіндік береді.

12 марта 2026
Қазақстанда референдумға 12,4 миллионнан астам азамат қатыса алады

Қазақстанда 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға қатысушылардың тізімі қалыптастырылды. Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, ел бойынша 12 461 796 азамат дауыс берушілер тізіміне енгізілген.
Қатысушылардың тізімдерін қалыптастыру «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 25-бабына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 24-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Тізімдерді азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдар жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер базасының негізінде жасайды. Әрбір дауыс беру учаскесіне арналған тізімдер әкімнің қолымен бекітіліп, дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын учаскелік комиссияларға акт арқылы тапсырылады.

2026 жылғы 27 ақпаннан бастап азаматтар референдумға қатысушылар тізімімен учаскелерде және онлайн форматта таныса алады. Егер азаматтар өз деректерін нақтылау немесе түзету қажет деп есептесе, тиісті өтініштері түскен күні қаралады.

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарлары барысында еліміздің 20 өңіріндегі референдум учаскелерінің дайындығы тексерілгенін айтты. Тексеру барысында учаскелердің материалдық-техникалық жабдықталуы, комиссия мүшелерінің дайындығы және азаматтарды ақпараттандыру жұмыстары бағаланған.

10 марта 2026
Жамбылдық ұстаздармен референдумның маңызы талқыланды

Жалпыұлттық референдум қарсаңында өңірде жаңа Ата Заң жобасын түсіндіруге бағытталған кездесулер жалғасуда. Осы мақсатта Жамбыл облысы, Байзақ аудандық жалпыұлттық коалиция мүшелері Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында алдағы референдумның маңызы кеңінен түсіндіріліп, бұл саяси науқан елдің болашағын айқындайтын маңызды қадам екені айтылды. Сондай-ақ жаңа Конституция жобасында ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бағыттары таныстырылып, оның қоғамның дамуына және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге қосатын үлесі жөнінде жан-жақты әңгіме өрбіді.

Жиында коалиция мүшелері Конституциядағы өзгерістер мен толықтырулардың әділетті қоғам қалыптастыруға, азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар құжатта мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілік қағидалары айқындалып, елдің тұрақты дамуына негіз қаланатыны айтылды.

Коалиция мүшесі Құралай Үкібаеваның айтуынша, жаңа Конституция жобасы қоғамның сұранысына жауап беретін маңызды құжат.

«Конституция – мемлекеттің негізгі заңы ғана емес, ол елдің болашақ даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат. Ұсынылып отырған өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, қоғамдағы әділдік қағидаларын нығайтуға бағытталған. Әсіресе, білім беру саласының дамуына ерекше көңіл бөлініп отыр. Өйткені ұстаздар – қоғамның зияткерлік әлеуетін қалыптастыратын маңызды күш. Сондықтан білім саласының өкілдерінің референдумға белсенді қатысуы елдің болашағы үшін аса маңызды», – деді Құралай Үкібаева.

Ал, коалиция мүшесі Бағдат Момынов жаңа Конституция жобасы қоғамның әр саласына оң әсер ететінін атап өтті.

«Ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер еліміздің саяси және әлеуметтік дамуына жаңа серпін береді. Құжатта азаматтардың құқықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру сияқты маңызды мәселелер қамтылған. Мұның бәрі қоғамдағы тұрақтылықты нығайтып, елдің одан әрі дамуына негіз болады. Сондықтан алдағы референдум – әрбір азаматтың ел тағдырына қатысты өз пікірін білдіретін маңызды кезең», – деді Бағдат Момынов.

Кездесу барысында ұстаздар қауымымен ашық пікір алмасу өтіп, саяси науқанға қатысты түрлі сауалдар қойылды. Коалиция мүшелері барлық сұрақтарға жауап беріп, референдумның маңызы жөнінде кеңінен түсіндірді. Жиын соңында мектеп ұжымы ел болашағы үшін маңызды науқанға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

23 января 2026
«Қыз алып қашу – адам ұрлау деген сөз, бұл – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел, жабайы қылмыс»

Мемлекет басшысы Шымкентте кісі қолынан қаза болған Нұрай есімді бойжеткеннің оқиғасына қатысты полиция әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырды

21 января 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі Қызылорда қаласы

Құрметті қауым!

Жаңа ғана сөз сөйлеген Құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты. Құрылтайдың аясында пайдалы пікір алмасулар болды. Барлығы еліміздің дамуына қажетті боларына сенемін.

Бүгін Ұлттық құрылтай жиыны осымен бесінші рет шақырылып отыр. Бұл форумның алғашқы отырысы ұлт ұясы – Ұлытауда өтті. Екінші жиын түбі бір түркі жұртының қара шаңырағы – Түркістанда болды. Үшінші отырыс бірегей Атырау аймағында ұйымдастырылды. Ал былтыр тарихы бай Көкшетау төрінде жиналдық.

Енді міне, қастерлі Қызылорда жерінде бас қосып отырмыз. Бұл – халқымыз үшін орны ерекше аймақ. «Сыр – Алаштың анасы» деген аталы сөз бар. Осы атыраптағы Шірік-Рабат, Жанкент, Сығанақ, Алтынасар, Баршынкент қалаларының орны көне заманның өзінде қазақ жерінде дамыған қала өркениеті болғанын аңғартады. Қызылорданы сол әйгілі қалалардың заңды жалғасы дей аламыз. Бұл шаһардың тарихи мән-маңызы айрықша. Оның осыдан бір ғасыр бұрын Қазақстан астанасы болғаны баршаға мәлім. Бұл жерде еліміздің болашағына қатысты аса маңызды шешімдер қабылданды.

 

Жалпы, «Сыр елі – жыр елі» деп бекер айтылмайды. Қорқыт ата заманынан жалғасып келе жатқан жыраулық-жыршылық және күйшілік өнер бұл аймақта кең қанат жайған. Жиенбай, Нұртуған, Нартай сынды саңлақтар негізін қалаған жыршылық мектептерді бүкіл еліміз біледі.

Сыр бойы – нағыз еңбек адамдарының мекені. Кеңес заманында осы аймақтан 100-ге жуық Еңбек Ері шыққан. Әйгілі күрішші Ыбырай Жақаевты халқымыз ерен еңбектің символына балайды. Аға буынның абыройлы жолын бүгінгі ұрпақ лайықты жалғастырып келеді.

Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр. Былтыр аймақтың ішкі жалпы өнімі 6,5 пайызға өсті. Үш жылда облысқа 2 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылды. Былтыр 27 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Соның ішінде жаңа жылу электр орталығы іске қосылғанын ерекше атап өткен жөн. Стратегиялық маңызы бар бұл нысан толығымен инвестордың қаржысына салынды. Жылу орталығы аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін нығайта түседі. Облыс тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Халықтың 80 пайызы көгілдір отынды пайдаланады. Елді-мекендерге газ құбырын тарту жұмысы алдағы уақытта жалғаса береді.

Аймақтағы автокөлік жолының сапасы жалпы жақсы жағдайда деуге болады. Облыстың әуе және темір жол жүйесі де жаңғыртылып жатыр. Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалы ашылды. Қызылорда қаласындағы тарихи ғимараттың бірі – темір жол вокзалы күрделі жөндеуден өтті. Бұған қоса, аймақтағы 10 темір жол бекетін жаңғырту жұмысы басталды. Мұның бәрі облыстың логистикалық әлеуетін арттыра түседі.

Қазір Қызылорда облысында, әсіресе, әлеуметтік салада жақсы жаңалық көп. Үш жылда осы аймақта 34 білім беру, 45 мәдениет және спорт нысаны салынды. Бұған қоса, 40 медицина нысаны ашылды. Менің тапсырмаммен Қызылордада 300 орынға арналған көпбейінді аурухананың құрылысы басталды. Көп ұзамай 500 орындық емхана және 200 орындық перзентхана салынады.

17 ноября 2025
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жасанды интеллект және цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң түзетулерінің бірінші блогы заңнамалық актілерді "жасанды интеллект туралы"Заңға сәйкес келтіруге бағытталған.

Түзетулердің екінші блогы өзге мәселелер бойынша заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Заң Қазақстан Республикасының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымын регламенттейді. Бұған дейін қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымы "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) аумағында ғана рұқсат етілген болатын.

Азаматтардың дербес деректерін қорғауды күшейту мақсатында дербес деректерді өңдеуге Келісімнің қолданылу мерзімі бойынша талап енгізілді. Енді бұл мерзім дербес деректерді жинау және өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті мерзімнен аспауы тиіс. Субъект немесе оның заңды өкілі дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімін қайтарып алуға құқылы, бұл туралы меншік иесіне, операторға, үшінші тұлғаға хабарлайды.

Ішкі бөлшек сауда субъектілері үшін сәйкестендіру құралдарын оқу арқылы бақылау-касса машиналары арқылы операцияларды есепке алу жөніндегі талаптарды енгізу жолымен тауарларды таңбалау тетігі жетілдірілді.

Бірқатар түзетулер ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды күшейтті.

15 октября 2025
Берік Асылов: Азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау және азаптауларға қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігіне арналған алқа отырысын өткіздім

Азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау және азаптауларға қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігіне арналған алқа отырысын өткіздім. Елімізде қылмыстық процесс барысында адам құқықтарын қорғауға қажетті барлық құқықтық негіздер қалыптастырылғанын атап өткім келеді. Сот ісін жүргізуді цифрландыру бойынша бірқатар шаралар қабылданып, процестік құжаттарды ресімдеу үшін ЖИ енгізілуде.           Қылмыстық істердің 90 пайыздан астамы электрондық форматта тергеп-тексеріліп жатыр. Бұл қылмыстық істермен айла-шарғы жасауға, яғни материалдарды жоюға немесе түзетуге жол бермейді, дәлелдемелерді жинау процесінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етеді.

Қылмыстық істерді тергеп-тексеру барысында азаматтарды заңсыз ұстау, тінту, заттарды алып қоюжәне әуре-сарсаңға салу фактілері азайды. Қадағалау шеңберінде прокурорлар қылмыстық қудалау органдарының 3 мыңнан астам процестік шешімін келісуден бас тартып, соның нәтижесінде азаматтардың негізсіз қылмыстық жауаптылыққа тартылуына жол берілмеді. Біз азаптаулардың алдын алу, азаматтардың жеткізілуі мен ұсталуы кезінде құқықтарының қорғалуы мәселелеріне ерекше назар аударамыз. Бірқатар өңірлерде прокурорлар мен құқық қорғау органдарының IT-технологияларды кеңінен қолдану бойынша бірлескен жұмысы оң бағаланды. Мысалы, азаптауларды болдырмау мақсатында прокурорлар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі (колониялар, түрмелер) бейнебақылау камераларына тікелей қосылады. Полиция органдарының кіреберістеріне бет-әлпетті тану функциясы бар бейнекамералар орнатылып, ғимаратта 3 сағаттан астам уақыт болған адамдарды анықтау тетігі іске қосылған. Азаматтар кезекші прокурорлардың байланыс деректерін және өз құқықтары туралы өзекті ақпаратты ала алатын QR-кодтар орналастырылған. Терроризм қаупі жоғары объектілер мен адамдар көп жиналатын жерлерде криминогендік жағдайды талдауға арналған «ақылды» камералар қосылған. Прокуратура үшін басты басымдықтар – адам құқықтарын қорғау, азаматтардың сот төрелігіне деген сенімін нығайту және «Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілеу бойынша жұмысты үйлестіру.

25 сентября 2025
ІССАПАР: Қызылордалықтармен тәжірибе алмасты

 

Өңір басшысының бастамасымен Байзақ ауданы аумағында кіші өндірістік аймақтарды құру және инвестиция тарту мақсатында тәжірибе алмасу үшін бір топ делегация мүшелері Қызылорда облысының Сырдария ауданына іссапармен барып қайтты.
Аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркіталиев бастаған топ құрамында бірқатар бөлім басшылары мен ауыл, ауылдық округтердің әкімдері, аппарат инспекторы мен медиа орталығының мамандары болды.
Делегация мүшелерін аудан әкімінің міндетін атқарушы Талғат Нұртазаев пен салалық орынбасарлар, аппарат қызметкерлері мен бөлім басшылары құрметпен қарсы алды.
Алғашқы жұмыс сапары Тереңөзек кентіндегі бірліктің ордасы «Руханият» орталығының қызметімен танысудан бастау алды. Биыл жыл басында пайдалануға берілген орталықтың ерекшелігі ардагерлер кеңесі, Қоғамдық кеңес, Қоғамдық келісім кеңесі, аналар кеңесі, ҮЕҰ, мұрағат, музей, «Өрлеу» жастар орталығы, кітапхана, электронды зал мен олардың қорларының бір жерде шоғырлануы. Келесі нысан – тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына жалғасып, сұрыптау кешенінің жұмысы таныстырылды. Қатты қалдықтарды «Тереңөзек тазалығы», абаттандыруды «Жасыл Қызылорда» мекемелері атқаруда.
Келесі кезекте топ мүшелері көпке үлгі болып, «Үлгілі елді мекен» атанған Нағи Ілиясов ауылына аялдады. Мұнда елді мекеннің даму барысын, «Еңбекшілер» аллеясы, әлеуметтік нысандар, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары, мәдениет үйі, №132 Т.Айтбаев атындағы орта мектебі, «Айтбай» мешіті, ауыл әкімшілігі, №11 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған БЖСМ танысып, «Абзал және К» серіктестігінің қырманын, егін жинау жұмыстарын көрді.
Іссапар берекелі Бесарық ауылының даму барысын танысумен қорытындыланды. «Бесарық» ЖШС-і базасында «Құс» фабрикасы, түйеқұс, бөдене, қаз, мал шаруашылығы көрсетілді. Сондай-ақ, орталық алаң, шағын өндіріс орталығы, Фри өндіру цехы, «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы, мәдениет үйін аралап, абаттандыру жұмыстарына тәнті болды.

Ақпараттық медиа орталығы.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы