GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
17 февраля 2026
Жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша референдум 15 наурызда өтеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Құжатта референдум өтетін күн 2026 жылғы 15 наурыз деп белгіленген.
Жарлыққа сәйкес, жаңа Конституцияның жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
«Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын республикалық референдумға мынадай тұжырымдағы мәселе бойынша шығару: «2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» – делінген Жарлық мәтінінде.
Республикалық референдумды дайындау мен өткізу Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына жүктелді. Үкіметке Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп, басқа да орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірге ұйымдастыру шараларын қамтамасыз ету тапсырылды.
Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

13 февраля 2026
«Жамбылгипс» кәсіпорны: өңірдегі құрылыс материалдары өндірісінің ірі орталығы

Тараз қаласында жұмыс істеп тұрған маңызды өндіріс орындарының бірі – «Жамбылгипс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Құрғақ құрылыс қоспалары мен гипс материалдарын шығаратын бұл зауыт мемлекеттік «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы аясында іске қосылған. Бүгінде кәсіпорын өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосып келеді.
Компания президенті Андрей Промченконың айтуынша, кәсіпорын заманауи технологияларды пайдалана отырып гипс материалдары мен құрғақ қоспалар өндіретін еліміздегі жетекші өндіріс орындарының бірі саналады. Серіктестік шетелдік «KNAUF», «Lafarge» және «ALCIBAY» компанияларымен ынтымақтастық орнатқан. Зауыттың гипс өндірудегі тәуліктік қуаты 750 тонна, жылдық көлемі 260 мың тоннаға жетеді. Ал құрғақ қоспалар өндірісінің тәуліктік жобалық қуаты 600 тонна болса, қазіргі таңда шамамен 400 тонна өнім шығарылып отыр.

Кәсіпорында жоғары сапалы өнімді бірқалыпты әрі тұрақты өндіруге мүмкіндік беретін соңғы үлгідегі автоматтандырылған технологиялар енгізілген. Толық автоматтандырылған өндіріс жүйесі өнім сапасының жоғары болуын қамтамасыз етеді. Кәсіпорын еліміздегі өз саласы бойынша ең ірі зауыттардың бірі саналады. Болашақта өндіріс көлемін бірнеше есеге арттыру жоспарланып отыр. Өндірілген өнімнің шамамен 40 пайызы экспортқа шығарылады. Негізгі сыртқы нарықтар – Ресей мен Қырғызстан. Сонымен қатар ішкі нарықта да кәсіпорын өнімдеріне сұраныс жоғары.

Зауытта барлығы 140 адам еңбек етеді. Мұндағы жұмысшылардың жалақы деңгейі жоғары, олар арнайы жұмыс киімімен және ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Кәсіпорын қызметкерлеріне қолайлы еңбек жағдайын жасауға ерекше көңіл бөлінеді.

Гипс тақтайшаларын шығаратын цех жұмысы да тұрақты жолға қойылған. Өндіріс менеджері Нұржан Әбдалимовтың айтуынша, бұл цехта 33 жұмысшы үш ауысыммен еңбек етеді. Тәулігіне шамамен 10 мың шаршы метр гипс тақтайшалары өндіріледі. Өнім көлемі тапсырыс берушілер талабына қарай әртүрлі болуы мүмкін. Гипс тақтайшалары негізінен ғимараттардың ішкі құрылыс жұмыстарында кеңінен қолданылады.

Өндіріс процесі толық автоматтандырылған: гипс, қағаз ұнтағы және басқа да қоспалар араластырылып, арнайы қалыптарға сұйық күйінде құйылады. Кейін жоғары температурада кептіріліп, дайын тақтайша ретінде шығарылады. Нұржан Әбдалимов бұл кәсіпорында жиырма жылдан бері еңбек етіп келе жатқанын, қарапайым жұмысшыдан өндіріс менеджері деңгейіне дейін көтерілгенін атап өтті.

Кәсіпорын басшылығы алдағы уақытта гипс тақтайшаларымен қатар ішкі әрлеуге арналған гипс жапсырмаларын шығаруды да жоспарлап отыр. Сонымен қатар құрғақ қоспалар өндірісі де қарқынды дамуда. Бұл цехта гипс негізіндегі және цемент негізіндегі құрғақ қоспалар дайындалады. Цехтың қазіргі тәуліктік қуаты 400 тонна, мұнда екі ауысымда 38 адам жұмыс істейді. Өнім арнайы қағаз қаптарға салынып, қойма арқылы еліміздің түрлі өңірлеріне жөнелтіледі. Сонымен бірге Ресей мен Қырғызстанға экспортталады. Болашақта өндіріс көлемін тәулігіне 600 тоннаға жеткізіп, Өзбекстан нарығына шығару жоспары бар.

Зауытта қызметкерлердің әлеуметтік жағдайына ерекше мән берілген. Жұмысшылар арнайы киіммен, ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп қана қоймай, жұмысқа тасымалдау мәселесі де шешілген. Бұдан бөлек, қызметкерлерді ынталандыру мақсатында тоқсан сайын жалақыға 20 пайыз көлемінде сыйақы қосылады. Андрей Промченконың айтуынша, мұндай әлеуметтік қолдау шаралары зауыт ашылған күннен бастап тұрақты түрде сақталып келеді.

Жалпы алғанда, «Жамбылгипс» кәсіпорны өңірдің құрылыс индустриясында маңызды орын алып, өндірістік қуаттың артуына, экспорт көлемінің өсуіне және жаңа жұмыс орындарының сақталуына ықпал етіп отыр.

13 февраля 2026
Ата Заңдағы өзгерістер – жарқын болашақтың кепілі

Аудан әкімі, қоғам белсендісі Сәуле Тлеуқұлова «Байзақ су» КМК ұжымымен кездесіп, онда еліміздің басты құжаты – Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мәселесі талқыланды.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бұл реформалар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты көрінісі.

Жаңа Ата Заң жобасын әзірлеу үшін құрамында 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылып, олар әрбір азаматтың, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың ұсыныстарын егжей-тегжейлі талдап шықты.

Жаңа жоба ашық қоғамдық талқылаулардан өтіп, халықтың қалауына сай әзірленді. Әрбір норма мен ереже мемлекеттің демократиялық жолмен дамуына бағытталған.

Конституциялық реформа – еліміздің саяси жүйесін жаңғыртудың маңызды кезеңі.

«Байзақ су» мекемесінің қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтар мен пікірлер халықтың ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті.

Ақпараттық медиа орталығы

23 января 2026
«Қыз алып қашу – адам ұрлау деген сөз, бұл – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел, жабайы қылмыс»

«Қыз алып қашу – адам ұрлау деген сөз, бұл – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел, жабайы қылмыс»

Мемлекет басшысы Шымкентте кісі қолынан қаза болған Нұрай есімді бойжеткеннің оқиғасына қатысты полиция әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырды

23 января 2026
Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Қол қою рәсіміне Қазақстан Президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты.

t.me/aqorda_resmi

23 января 2026
Мемлекет басшысы

«Ата заңның преамбуласын ұлттық құндылықтарымызды айшықтап, қанша заман өтсе де, өзекті болып қала беретіндей етіп қайта жазуымыз керек»

23 января 2026
Ұлттық құрылтай

Ұлттық құрылтайдың V отырысында Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов, саясаттанушы Марат Шибұтов, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова, Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы Сергей Пономарев, Zhubanov University басқарма төрағасы – ректоры Лаура Қарабасова сөз сөйледі.

15 декабря 2025
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ҚР Үкіметінің қорытынды баспасөз конференцияларының сериясы басталды

2025 жылғы Үкімет қызметін қорытындылау аясында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Astana Hub алаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, энергетика саласын дамыту мәселелерін талқылауда.

Есепті кезеңде Үкімет Мемлекет басшысының бастамасымен мұнай-газ секторын, жанар-жағармай материалдары нарығын және мұнай өңдеуді қамтитын ауқымды реформаларды жүзеге асыру ісін жалғастырды.

Мұнай-газ саласындағы жылдың басты оқиғасы Теңіз кен орнындағы болашақ кеңейту жобасының толық аяқталуы болды. Зауыттың үшінші буынын пайдалануға беру мұнай өндірудің жылына 12 млн тоннаға өсуін қамтамасыз етті, бұл экспорттық кірістің тұрақты көзін қалыптастырады және ұлттық экономиканың әлеуетін арттырады.

ЖЖМ ішкі нарығын реттеу саласында бағаны қолдан басқарудан нарықтық тетіктерге көшу жүзеге асырылды. Қабылданған шаралар нарықты тұрақтандыруға, оны отынмен қанықтыруға және тапшылық қаупін азайтуға мүмкіндік берді.

«2025 жылы қуаттылықты арттыру, өнім сапасын арттыру және ғылыми-технологиялық шешімдерді енгізу қағидаттарына негізделген мұнай өңдеу саласын дамытудың 2040 жылға дейінгі ұзақмерзімді өндірістік бағдарлары бекітілді.

Нысаналы көрсеткіш жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауыттарын кеңейту және қуаты жылына 10 млн тоннаға дейін жететін жаңа МӨЗ жобасын жүзеге асыру есебінен мұнай өңдеу көлемін жылына 18 млн-нан 39 млн тоннаға дейін арттыруды көздейді»,
— деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.

Биыл CaspiBitum зауытын жаңғырту аяқталды, нәтижесінде кәсіпорынның қуаты жылына 1,5 млн тоннаға дейін, ал битум өндірісі жылына 750 мың тоннаға дейін артты.

Шымкент, Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарын кеңейту, сондай-ақ жаңа МӨЗ салу үшін әлеуетті инвесторлар тарту жұмыстары жалғасуда.

Саланың экологиялық күн тәртібіне және технологиялық дамуына ерекше назар аударылады. Көміртекті бейтараптық стратегиясы шеңберінде К5 + мұнай өнімдерінің экологиялық стандарттарына көшу бекітіледі. МӨЗ-ді техникалық жаңғырту мұнайды өңдеу тереңдігін 94%-ға дейін арттыруға және қосылған құны жоғары өнім шығару үшін мұнай өңдеуді мұнай химиясымен біріктіруге мүмкіндік береді.

📱 @KZgovernment

12 декабря 2025
Мемлекет басшысы Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғырту жөніндегі нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды

«Елімізге қомақты инвестиция тарту керек. Қазір дүние жүзінде инвестицияға талас күшейіп барады. Жаңа инвестициялық кезеңді бастауымыз қажет. Қазіргі инвестиция тарту саясаты мардымды деп айта алмаймын. Қаражаттың көбі шикізат салаларына құйылып жатыр. Жалпы, бұл жаман емес, осындай инвестициялар бізге қажет.

Бірақ қазір тұрған міндет – басқа. Бұл – өңдеу саласына көбірек қаражат тарту. Сондықтан Үкімет инвестиция саясатына басқаша көзқараспен қарауы керек. Қажет болса, жоғары технологияларға салынатын инвестицияларға жеңілдік беруге болады. Сондай-ақ мемлекеттің инвестициясы мен жеке бизнестің ірі бастамаларына бірдей назар аудару қажет.

Ірі инвесторлармен қатар орта және шағын инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеу керек. Қаражаттың қай бағытқа, қандай мақсатпен және қанша көлемде қажет екенін нақты білу қажет. «Инвестицияға тапсырыс» өндірістің сұранысына сай жасалуы керек.

Еліміздегі инвесторлармен қарым-қатынас жүйесі күрделі әрі бытыраңқы. Қағазбастылық көп, түрлі органдардың құзыреттері қайталанады. Ал, қазіргі күрделі ахуал кезінде инвестиция тарту – кезек күттірмейтін мәселе, бізге жаңа ұстаным керек.

Қалай болса да, инвестиция тарту бойынша барлық үйлестіру жұмысы тікелей Премьер-министрге жүктеледі. Жаңа министрлік құрудың қажеті жоқ. Бірақ, көзге оттай басылатын нәрсе: елімізде бірде-бір мекеменің атауында инвестиция деген сөз жоқ. Инвестиция тіпті, жетім бала сияқты үш-төрт мекемеге ортақ мәселе болып, өз жолын таппай жүр. Сондықтан Премьер-министр он күн ішінде нақты ұсыныс беруге тиіс.

Бұдан бөлек, Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғырту жөніндегі нақты іс-шаралар жоспарын мейлінше қысқа мерзім ішінде әзірлеуді тапсырамын».

t.me/aqorda_resmi

03 ноября 2025
Полиция департаменті ескертеді!
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы