Бурыл ауылдық округінің ішкі саясат жөніндегі бағыты округ аумағында ішкі саясат саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асырады. Бағыт қызметінің негізгі мақсаты-округтегі ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және қолдау. Мекеменің қарамағына округтегі қоғамдық-саяси жағдайға, саяси партиялардың, ұлттық-мәдени бірлестіктердің, құқық қорғау, діни, жастар және өзге де қоғамдық ұйымдардың қызметіне қатысты мәселелер кіреді.