Мектеп 1972 жылы 640 оқушыға арналып типтік үлгіде үш қабаттан салынған.
С.Абланов орта мектебіндегі жаңа 2024-2025 оқу жылында жалпы оқушылар саны 1062 оқушы, мектепалды даярлық тобында 82 бала оқиды. Мектеп екі аусымда білім береді ( І аусымда – 568 оқушы, ІІ аусымда – 494 оқушы).
Мектепте барлығы 118 мұғалім, 33 кіші қызметкерлер жұмыс істейді. Мұғалімдердің жоғары білімдісі-115, арнаулы орта білімдісі-3 мұғалім. Соның ішінде 1 директор, 6 орынбасар және 2 шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары бар.