Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауылдық округі әкімінің аппараты 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді.
Жалпы 2023 жылдың 12 айында 14 қызмет көрсетілді. (5- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, 3-Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату, 6- Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту).
2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілгені жоқ.
2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың фактісі орын алмаған.
Бұл бағытта аудан әкімі аппарат басшысымен жергілікті атқарушы органдарының жұмыс сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген.
Сонымен қатар аудан әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен әдістемелік көмек көрсетілді.
Сонымен қатар көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2023 жылы 5796 ауыл тұрғындары қамтылып, 6- іс-шара, 2-мақала жарияланған Ауыл әкімдігі ғимаратында мемлекеттік көрсетілетін мемлекеттік қызмет қағидалары мен өтініш үлгілері арнайы бұрышта орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.