
Ботамойнақ ауылдық округінде №8 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі 2020 жылы құрылған. Спорт мектебінде воллейбол, футбол, күрес және т.б спорт түрлерінен жаттығу өтеді.
Ботамойнақ ауылдық округі бойынша 17 спорттық нысан бар. Оның ішінде Волейбол-3, Баскетбол-3, Кіші футбол алаңшасы-3, Үлкен футбол алаңы-1, Гимнастика залы-2, Жеңіл атлетика залы-2, Стрит воркаут алаңшасы-3 ауыл тұрғындарына қызмет етеді. Спорт саласы бойынша ауылдық округте әр түрлі спорттық іс-шаралар өткізіліп, аудандық турнирлерге ауыл тұрғындарымен жастары қатысып тұрады.
2024 жылы ауылдық округте 12 спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Оған ауылдық округтен әр түрлі жастағы 400-ден аса тұрғын қатысты.