Бүгін Жамбыл облысы бойынша «ҚазСуШар» филиалы мамандарының ұйымдастыруымен шаруа қожалық жетекшілеріне арналған түсіндіру семинары өтті. Жиын барысында егістікке су алуға байланысты электронды келісімшартқа онлайн тұру тәртібі жан-жақты көрсетіліп, қадамдап түсіндірілді.
Мамандар қатысушыларға жүйеге тіркелу, өтінім беру, құжаттарды рәсімдеу жолдарын практикалық түрде көрсетіп, туындаған сұрақтарға нақты жауап берді. Бұл жаңашылдық су пайдалану үдерісін жеңілдетіп, уақыт үнемдеуге және ашықтықты арттыруға мүмкіндік береді.
Жиынға шаруа қожалықтарының жетекшілері белсенді қатысып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Алдағы уақытта да осындай пайдалы кездесулер жалғасады деп жоспарлануда.
Әкімдіктің кіші мәжіліс залында аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Олар өтініштерін білдіріп, мәселелерінің оң шешімін табуына ықпал жасауды сұранды.
Атап айтқанда, Сарыкемер, Қостөбе, Үлгілі ауылдарының тұрғындары баспана мәселесі, балаларға арналған ойын алаңшасын және спорт алаңын салу, ауыл арасынан қалаға қатынайтын қоғамдық көлік бағыты мәселелерін көтерді.
Аудан басшысы әрбір өтінішті мұқият тыңдап, заң аясында шешу жолдарын түсіндірді. Тұрғын үй заң аясында, белгіленген кезекке сәйкес берілетіндігін айтты. Басқа да өтініштер бойынша жауапты тұлғалар мен ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар жүктелді. Әрбір мәселе жіті бақылауға алынып, хаттамаға енгізілді.
Ақпараттық медиа орталығы.
" Оқуға құштар жүректер " облыстық байқауы қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылық мұратын насихаттау барысында, Д. А. Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен " Әулиеата кітап оқитын өңір" жобасы аясында, балалармен жас өспірімдер арасында " Оқуға құштар жүректер" атты байқаудың облыстық кезеңі өтуде. Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері: Сапарғали Бегалин 130 жыл. Өтебай Тұрманжанов 120жыл. Сансызбай Сарықасқаев 100жыл, Асқаржан Сәрсек 75жылдық арналған аудандық байқау өтті. Сол байқауда Көкбастау ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы 5а сынып оқушысы Серікбай Сабина марапатталды
Ағымдағы жылы 31қаңтар күні Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Қатысқан адамдар - 20.