
Мемлекеттік қызметті жергілікті атқарушы органдары (көрсетілетін қызметті
беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар ( көрсетілетін қызметті
алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы мыналарды жолдайды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі;
Порталға:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған электрондық өтініш;
2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын қажетті құжаттар мен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы талап етеді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қағаз тасығышта құжаттарды қабылдағанды растау олардың көшірмесінде күнін, уақытын (сағаты, минуты) көрсете отырып соғылған белгі болып табылады.