Меню

Страницы

Статья

«Байзақ ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппараты» КММ-нің 2024 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

 

«Байзақ ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппараты» КММ-нің 2024 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

2024 жылдың 12 айында ауылдық округ бойынша 3 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

 

2024 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген және мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ. 

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет қағидалары мен өтініш үлгілері арнайы бұрышта орналастырылған.

 «Цифрландырылған ақпараттық орталық» бойынша

2018 жылы облыс әкімінің тапсырмасымен облыс тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қол жетімдігін және шалғай елді мекендердегі тұрғындардың уақытын үнемдеу, олардың сұраныстарын тез арада қамтамасыз ету мақсатында, ауылдық кітапханалардың базаларынан ақпараттық орталықтар ашылуы тапсырылған болатын.

Осыған орай, 2020 жылы Көкбастау ауылдық кітапханасында цифрландырылған ақпараттық орталығы ашылды. Аталған орталықтарда жергілікті тұрғындар халыққа көрсетілетін қызметтің 26 түрімен кедергісіз қамтылуда.

2024 жылдың 12 айдың қорытындысы бойынша ақпараттық орталықта барлығы 189  қызмет көрсетіліп, анықтама берілді.

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы

Бәйтерек  ауылдық округі әкімі  аппаратының әкімшілік  ғимаратында ауыл тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру мақсатында мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істеуде. Ауыл тұрғындары «e-gov» порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді ХҚКО-на бармай, өз уақытын үнемдеп, электронды түрде мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар. 2024 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша 64 қызмет көрсетілді.

Ауыл тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау жұмыстары туралы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жүргізілген іс –шаралар жоспары бекітілген. Сол жоспарға сәйкес 2024 жылдың 12 айында 25 түсіндірме  іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда: әр ай сайын ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіліп, мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жоспарға сәйкес 2024 жылдың мамыр айында БАҚ бетінде 1 мақала жарияланды, таралым саны – 2636 және де  әр ай сайын әлеуметтік желіге, ауыл тұрғындарының WhatsApp чаттарына да мақалалар мен ақпараттар жарияланды.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

 

Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппараты

 

Дата публикации
18 июля 2025
Дата обновления
18 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
28 августа 2026
Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Ақпарат
20 августа 2026
«Жемқорлық – індет, жою – міндет!»
Ақпарат
14 января 2026
Бәйтерек ауылдық округінде ақсақалдар алқасының жылдық есеп беру жиналысы өтті.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы