Егемендік алған жылдар ішінде қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі оңтайлы өзгерістер орын алып келеді. Соның ішінде, мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалды. Мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үкімет алдында тұрған маңызды стратегиялық міндеттің бірі болып табылады.
Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер — жеке мемлекеттiк функцияларды iске асырудың бiр түрi. Ол қызмет алушылардың өтiнiшi бойынша жекеше турде олардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылы және қаржылы емес заңдылықтарға сәйкес және тұлғаларға қызмет көрсетудi iске асырады өмір сапасы болып табылады.Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiңдеттердiң бiрi — жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге барлық халықтың бiрдей қол жеткiзу Бұл мәселе заң жүзінде бекітілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
1)көрсетілетін қызметті берушілер арқылы;
2)Мемлекеттік корпорация арқылы;
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі.
«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасына сəйкес, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамуда.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Бүгінгі таңда Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді:
1) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
2) Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру
3) Сауда-саттықты (аукционды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу
4) Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату
5) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
6) Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.
Заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда қамтамасыз етуге міндетті, бұл өз кезегінде мемлекеттік органдардың ішкі бизнес-үдерістерін автоматтандыруға, сондай-ақ мемлекттік органдар мен азаматтардың өзара іс-қиылының ең тиімді нысаны ретінде электрондық мемлекеттік қызметтерді дамытуға ықпал етеді.Өткен жылы Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппараты арқылы 29 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемелер ғимараттарында орналасқан Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында, арнайы маман бекітіліп, заңға сәйкес нұсқаулықпен «Электрондық үкімет» порталы, Mgov, Telegram-бот, @EgovKzBot мобильді мессенжерін пайдалану арқылы керекті қызметтерді жергілікті тұрғындар қолжетімді,кедергісіз алуда. Бәйтерек ауылдық округ әкімі аппараты және округ аумағындағы барлық мемлекеттік қызметтердің стандарттары, регламенттері және мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібі туралы ақпараттар жазылған стендтер жасалған. Электрондық үкіметті дамыту дегеніміз біріншіден, халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру.
Екіншіден, сыбайлас жемқорлық көріністері мен бюрократтық тосқауылдың азаюына негіз тудыру.
Үшіншіден, Руқсат беру құжаттарының тізбесін қысқарту болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік орындардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығы зор.
Аудандық мониторинг бөлімі тарапынан ішкі бақылау шаралары жүргізіліп, аудандық арнайы мониторингтің топ мүшелері зерттеу жұмыстары үнемі жүргізіледі. Зерттеу қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар жасалып, тұрғындарға қызмет ету үшін қолайлы жағдайлар жасалған.
Округ әкімі аппаратының негізгі функцияларының бірі мемлекеттік қызмет көрсету саласында тұрғындардың өтініштерін қанағаттандыру, мүмкіндігі шектеулі жандар мен барлық қызмет алушыларға ыңғайлы үнемі жағдай жасау болып табылады.