Байзақ ауданы әкімінің Бәйтерек ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізу жиналысының ХАТТАМАСЫ

Базарбай ауылы                                                                           11 желтоқсан 2025 жыл

 

Жиналысқа қатысқандар: аудан әкімі О.Баққараев, Бәйтерек ауылдық округінің әкімі Қ.Жұманов, Байзақ аудандық полиция бөлімінің басшысы Ә.Қарымсақов, Байзақ ауданы әкімдігінің бөлім басшылары, Бәйтерек ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Б.Жүрсінов, «Байзақ су» КМК мекемесінің басшысы Қ.Болысбаев, қоғамдастық кеңес мүшелері және ауыл тұрғындары.

Барлығы - 62 адам.

 

Күн тәртібінде:

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы   3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес Байзақ ауданының әкімі О.Баққараевтың Базарбай ауылы тұрғындарымен кездесуі.

Тыңдалды: Ауылдық округ әкімі Қ.Жұманов 2025 жылы атқарылған жұмыстар бойынша баяндады.

О.Баққараев округте 17 жоба іске қосылғанын атап өтті. «Сарыкемер-Базарбай-Төрегелді» бағытындағы жол жөндеу жұмыстары толығымен аяқталғанын және Базарбай ауылындағы су имараты тұрақты бақылауға алғанын айта келе, сұрақ-жауапқа көшті.

Сұрақ: Т.Сәрсенбаев - 1. Ә.Молдағұлова, Төрегелді көшелеріне орта жөндеу жұмыстары жүргізіле ме?

  1. Сарыкемер-Базарбай бағытындағы аудандық маңызы бар автожол бойындағы салынған су өткізгіш көпірлерге екі бетіне құйма қоршау (отмостка) орнату қажет.

Жауап: О.Баққараев - 1. Ә.Молдағұлова, Төрегелді көшелеріне орта жөндеу жұмыстары бойынша ауыл әкімдік бюджеттік өтінім ұсынды, 2026 жылдың жұмыс жоспарына енгізілді.

  1. Байзақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Қ.Данебаевқа, Байзақ аудандық полиция басшысы Ә.Қарымсақовқа жол белгілерін орнату бойынша тиісті тапсырма берді.

Сұрақ: Ә.Тұрапбаев- Н.Мулдыев көшесіне жаяу жүргіншілер жолын сұрайды.

Жауап: Базарбай ауылындағы тротуарға ағымдағы жөндеу жұмыстарына 24,925 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылған, 2026 жылдың жұмыс жоспарына енгізілді.

Жиын барысында қойылған сұрақтарға аудан әкімі және жауапты мекеме басшылары тиісті жауаптарын берді, назарға алынатындығы айтылды.

Т.Сәрсенбаев келген қонақтарға алғысын айтып, аталған мәселелер өз шешімін табатындығына сенімін білдірді.

 

 

Жиналыс төрағасы                                                            Қ.Жұманов

 

Хатшы                                                                                   Қ.Исақова

 

 

Дата публикации
11 декабря 2025