Базарбай ауылы 17 қыркүйек 2025 жыл
Жиналысқа қатысқандар: аудан әкімі О.Баққараев, Бәйтерек ауылдық округінің әкімі Қ.Жұманов, Байзақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Д.Мадешов, Байзақ ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Сейтқазина, «Байзақ су» КМК мекемесінің басшысы Қ.Болысбаев, қоғамдастық кеңес мүшелері және ауыл тұрғындары.
Барлығы - 55 адам.
Күн тәртібінде:
Байзақ ауданы әкімінің Базарбай ауылы тұрғындарымен кездесуі.
Тыңдалды: Аудан әкімі О.Баққараев Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы аясындағы негізгі бағыттарды атап өтті.
Базарбай ауылындағы су ғимаратындағы тазалау құрылғыларының жұмысын тексеруге ауыл тұрғындары тарапынан өкіл қосып, операторларды қайта оқытуды ұйымдастыруды тапсырды.
«Сарыкемер-Базарбай-Төрегелді» бағытындағы жол жөндеу жұмыстары 1 ай ішінде аяқталатынын, алдағы уақытта Ақшолақ ауылынан қант зауыты салынатынын, соның нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылатынын, сондай-ақ ауылдағы каналдарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтап өтті.
Ауылдың тазалығына ерекше назар аудару қажеттігін, балалардың түңгі уақытта қараусыз жүрмеуін қадағалау керектігін, сондай-ақ қыз бала тәрбиесіне мән беру қажеттігін айтты.
Сөз сөйлегендер:
Сұрақ: Т.Сәрсенбаев - Базарбай ауылында жаяу жүргіншілер жолын салуды, бейіт шекараларын белгілеп беруді сұрады.
Сұрақ: А.Байдилдаев – Бәйтерек, Жаңатұрмыс округтерінің жер бөлінісін қайта қарауды және ауыз су мәселесін толықтай шешуді сұрады.
Сұрақ: С.Джүзгенбаев – Базарбайдағы жер учаскелерін ауыл тұрғындарына беруді, ауыл ішіндегі жолдарға жөндеу жұмыстарын