Бәйтерек ауылдық округі әкімінің Көкбастау ауылының тұрғындарымен кездесу өткізу жиналысының № 1 ХАТТАМАСЫ

Көкбастау ауылы                                                                                               26 мауысым 2025 жыл

                                                                                                                      сағат 11.00 де

 

Жиналысқа қатысқандар: Бәйтерек ауылдық округінің әкімі Қ.Жұманов, Байзақ ауданы әкімдігінің бөлім басшылары, Бәйтерек ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Р.Сейітхан, Бәйтерек ауылдық округі ардагерлер кеңесінің мүшелері, қоғамдастық мүшелері және ауыл тұрғындары.

Барлығы - 53 адам.

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы   3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес Байзақ ауданының әкімі О.Баққараевтың Бәйтерек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі

Тыңдалды: Ауылдық округ әкімі Қ.Жұманов 2025 жылға қаңтар айында бекітілген кестеге сәйкес, 2024 жылы атқарылған және                             2025 жылы атқарылатын жұмыстар бойынша баяндады.

Қ.Жұманов Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер жылына 2 рет халықпен кездесіп, халықтың мұң-мұқтажын, талап-тілектері мен өзекті мәселелерін тыңдап, туындаған мәселелерді шешу үшін жұмыстар атқаратынын айта келе, сұрақ-жауапқа көшті.

Сұрақ: А.Байділдаев - 1. Көкбастау ауылында тұрғындар үшін спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында жаңа спорт кешенін салу мәселесі көтерілді. Аталған нысанның құрылысын жүргізу мүмкіндігі қарастырыла ма?

  1. Базарбай-Сарыкемер бағытындағы автожолдың қазіргі техникалық жағдайы ауыл тұрғындарының қозғалысына едәуір қиындық туғызуда.
  2. Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұрғындар МР-3 және МР-4 каналдарында ағын судың жетіспеушілігіне шағымдануда. Бұл мәселені шешу бағытында қандай шаралар қабылдануда?
  3. Амангелді орта мектебінде қосымша спорт зал қажеттілігі туындап отыр. Мектептегі қазіргі инфрақұрылым бұл қажеттілікті толық қамтамасыз ете алмайды. Осы бағытта қандай жұмыстар жоспарланған?
Дата публикации
11 июля 2025