Көкбастау ауылы 11 ақпан 2025 жыл
сағат 11.00
Жиналысқа қатысқандар: Бәйтерек ауылдық округінің әкімі Қ.Жұманов, Мансаптық орталық филиалының кәсіптік оқыту және кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Д.Сансызбаев, Бәйтерек ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Е.Нуртаев, Бәйтерек ауылдық округі ардагерлер кеңесінің мүшелері, қоғамдастық мүшелері және ауыл тұрғындары.
Барлығы – 34 адам.
Күн тәртібінде:
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығына сәйкес Бәйтерек ауылдық округ әкімі Жұманов Қуаныш Жетпісбайұлының Көкбастау ауылының тұрғындарымен кездесуі.
Тыңдалды: Ауылдық округінің әкімі Қ.Жұманов 2025 жылғы бекітілген кестеге сәйкес және күн тәртібіндегі мәселе бойынша жиналысқа келген қонақтарды таныстырып, жиналыс регламентін бекітті.
Қ.Жұманов ауылда 2024 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуы жайлы толық мағлұмат берді. Сонымен қатар, алдағы жылдардағы атқарылатын жұмыстар барысымен ауыл тұрғындарын таныстырды.
Сөз сөйлегендер:
Сұрақ: С.Джанысбаев – Жолдың бойына жаяу жүргіншілер жолын сұрайды.
Жауап: Қ.Жұманов – Сметалық құжат әзірлеу үшін Байзақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хат жолданды.
Байзақ ауданы бойынша мансаптық орталық филиалының кәсіптік оқыту және кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Д.Сансызбаевка берілді. Д.Сансызбаев өз кезегінде жұмыспен қамтудың белсенді шаралары туралы тұрғындарды құлақтандырды. Мәселен, қысқа мерзімді оқыту, Бастау бизнес, қайтарымсыз грант, жастарға берілетін 2,5 пайыздық несие, күміс жас, жастар практикасы т.б. жобаларға тоқталып және тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
Жұмыс берушілермен, ізденушілермен және азаматтардың әлеуметтік осал санаттарымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Е.Бораншы, жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару ережесі бойынша солтүстіктегі жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныстануға ақпараттар берді.