Көкбастау ауылы 12.02.2025 ж.
Жиналысқа қатысқан шаруашылық басшылары – 41 адам.
Агро оқу сабақтарын жүргізушілер:
РсалиевЕ.Ж. – Байзақ ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.
Әуесжанов Е.Ә. – ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдау әдістемелік орталығы» РММ Байзақ аудандық филиалының басшысының міндетін атқарушы.
Әбдірасыл Ж.М. – ҚР АШМ АӨК МИК Байзақ аудандық аумақтық инспекциясының басшысының міндетін атқарушы.
Тұрсынбек Е.Б.- Байзақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы.
Сансызбаев Д.К.-Мансаптық орталық филиалының кәсіптік оқыту және кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы
Күн тәртібінде:
Ауыл шаруашылық дақылдарын орналастыру, жаңа технологияларды енгізу және егін шаруашылығындағы өзгерістер сонымен қатар егілген дақылдарға келтірілетін зиянкестері, аурулары және арамшөптері. Оларға қарсы қолданылатын іс-шаралар. Егінді тиімді суару.
Қ.Жұманов – ауылдық округінің әкімі алғашқы болып сөз алып жұмыс тобын таныстырды, ауыл шаруашылығы туралы сөзді ретімен беріп отырды.
Е. Рсалиев - 2025 жылы егілетін ауылшаруашылық дақылдарын сапалы тұқымды егуін жәнеде субсидилар бойынша түсіндіріп өтті. Ағымдағы жылы тауарлық несиеге мал алып өсірудің барлық тиімділігін айтып, мемлекеттен мал басына берілетін субсидиялар бойынша тоқталып, субсидия бойынша 2025 жылға өзгерістер туралы түсіндіріп өтті.
Ә.Қабдушев – аудан және ауыл әкімідігі аумағындағы саяқ шегіртке ошақтарын жою бойынша атқарылып жатқан, ауқымды жұмыстарға тоқталып, ағымдағы жылы саяқ шегірткенің көп болу мүмкіндігіне тоқталды.
Ж.Әбдірасыл – ауыл шаруашылық дақылдарға зиян келтіретін зиянкестер жайлы және карантинді аймаққа жататын шаруа жерлері жөнінде айтып өтіп олармен қалай күресу шараларын түсіндірді. ҚР Кәсіпкерлік кодексін, ҚР «Өсімдіктерді қорғау» Заңының талаптары, ҚР «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының талаптары, аудан аумағында карантиндік нысандардың таралуы, мемлекеттік қызмет алу бойынша өзгерістер туралы түсіндіріп кетті.
Е.Тұрсынбек – Ағымдағы жылы игерілмеген егістік жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілетінін, егерде пайдаланылмай жатқан егістік жерлер болған жағдайда өз еріктерімен мемлекетке қайтару туралы айтты. Алайда көктемгі жер жырту науқанынан кейін тексеріс барысында Ғарыштық түсірілім кезінде игерілмегендігі анықталса Жер инспекциясы тарапына 20 еселенген салық пен айыппұл салынатын алға тартты.
Келесі мәселе бойынша Байзақ ауданы бойынша мансаптық орталық филиалының кәсіптік оқыту және кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Д.Сансызбаевка берілді. Д.Сансызбаев өз кезегінде жұмыспен қамтудың белсенді шаралары туралы тұрғындарды құлақтандырды. Мәселен, қысқа мерзімді оқыту, Бастау бизнес, қайтарымсыз грант, жастарға берілетін 2,5 пайыздық несие, күміс жас, жастар практикасы т.б. жобаларға тоқталып және тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Жұмыс берушілермен, ізденушілермен және азаматтардың әлеуметтік осал санаттарымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Е.Бораншы – Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару ережесі бойынша солтүстіктегі жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныстануға ақпараттар берді
Сөз алған А.Наурызбеков жайылым жер жетіспеушілігі округімізде өзекті мәселеге айналып жатқанын айтты.
С.Джанысбаев- Отбасылық жылыжайға субсидия бөлінеді ме және қандай жағдайда бөлінетіндігін сұрады.
Жиналған шаруашылық басшылары аталған тақырыптарға біраз сұрақтар қойып мамандардан толықтай жауап алып қанағаттанды.
Хаттамалаған Б.Алтынбек